Шымкент қаласы күні мерекесіне орай осыдан бірер ай бұрын журналистер мен блогерлер арасында «Шырайлы Шымкент» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Қала имиджін көтеруге шығармашылық қарымымен үлес қосқан БАҚ өкілдері арасындағы осы сайыс өз мәресіне жетті.


Кеше қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтіп, оның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы қатысушыларға алғысын білдірді.

- Бұл байқауды жыл сайын ұйымдастыруды қолға алдық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шымкенттің республикамыздағы үшінші мегаполиске айналуы керектігін атап өткеніндей, қаламыздың әрбір тұрғыны осы мәртебеге жету жолында аянбай еңбек етуі керек. Бұл бағытта қоғам белсенділері, блогерлер мен журналистердің де алатын орны ерекше.

Алты ай бойы жалғасқан жарыс қорытындысында жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша марапатталды. «Әлеуметтік желілердегі (блогерлер арасында) Шымкент қаласы туралы үздік жарияланым» бойынша блогер Асхат Шотаев, «Баспа басылымдардағы (газет, журналдар) үздік жарияланым» номинациясымен «Казахстанская правда» газетінің ОҚО меншікті тілшісі Любовь Доброта марапатталса, «Didarbek. kz» ақпараттық агенттігінің директоры Мақсат Әссәнди – «Аймақтық деңгейдегі сайттарда Шымкент қаласы туралы үздік жарияланым», «Нұр Кз» ақпараттық порталының ОҚО меншікті тілшісі Жансая Тәуекелқызы – «Республикалық деңгейдегі сайттарда Шымкент қаласы туралы үздік жарияланым», Астанадағы «Atameken business chanell» телеарнасынан Мұхамеджан Ерболат «Телеарналардағы Шымкент қаласы туралы үздік сюжет» номинацияларын жеңіп алды. 

Ал, Шымкент қаласы туралы үздік эссе жазған «Lave Radio» тілшісі Шынар Жүнісбекова, Шымкент қаласының табиғаты туралы үздік фото-видео материалдар түсірген «Шымкент келбеті»- «Панорама Шымкента» газеттерінің фототілшісі Береке Сейітжаппар, қаламызды таныстыру туралы креативті материалдар жариялаған блогер Айгүл Амитова жеңімпаз болды. Қала тұрғындарының өмірі мен дәстүрі жайлы үздік фото-видео материалдар номинациясы блогер Дәурен Айманбетовке бұйырды. Сондай-ақ «Шымкент келбеті»-«Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері Бейбіт Бисембаев пен Сапарғали Қанат арнайы номинацияларға ие болды.

Қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар табыс етілсе, жеңімпаздарға 100 000 теңге сыйақы берілді.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кофе брейк ұйымдастырылды.

Опубликовано в Қоғам

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мәлімдеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатыса алады.

18700183 1923032711276420 8303666008555775325 n

– Шараның мақсаты – Шымкенттің көрікті жерлерін паш ету. Ал ондай әсем орындар жүздеген жылдық тарихы бар қаламызда жетіп артылады. Байқауға жіберілген материалдарды комиссия мүшелерімен мұқият қарап, нәтижелерін интернетте жариялайтын боламыз, – деді Қайрат Нұртай. 

Байқау «Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы туралы ең қызықты жарияланым», «Бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласы туралы ең қызықты мақала», «Облыстық деңгейдегі ресми сайттарында Шымкент қаласы туралы ең қызықты материал», «Республикалық деңгейдегі ресми сайттарда Шымкент қаласы туралы ең қызықты мақала», «Шымкент қаласы туралы телеарналардағы «Үздік сюжет», «Шымкент туралы эссе», «Фото-бейне жарияланымдар» номинациялары бойынша өткізіледі. 

Материалдар 2017 жылдың 30 тамызына дейін «Шырайлы Шымкент» тақырыбымен ( Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ) электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Марапаттау рәсімі қыркүйек айында өтеді.

Опубликовано в Қоғам

Шымкент қаласының дамуын еліміздің басқа өңірлеріне танытуды мақсат еткен «Шырайлы Шымкент» республикалық эссе байқауы мәреге жетті. Мектеп оқушыларының үшінші қалаға деген құрметі ерекше. Байқауға еліміздің барлық өңірінің оқушылары қызығушылық танытты.


574c0fb81a6f0

«Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Байқауға жалпы 311 шығармашылық жұмыс ұсынылған. 8-11 сынып оқушыларының Шымкент қаласына деген сүйіспеншілігі қуантарлық.
Екі айға созылған іс-шара қорытындысында комиссияның шешімімен 20 оқушы жеңімпаз деп танылды. Еліміздің тоғыз облысынан 10, облысымыздың аудан, қалаларынан 6 оқушының жұмысы жоғары бағаланды. Ал Шымкент қаласының 4 оқушысының жұмысы да көптің көңілінен шықты.
Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында өткен қорытынды жиында қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтар мен естелік диплом тапсырды.
– Комиссия 311 жұмыстың ішінен ең үздіктерін таңдады. Әрбіріңіздің қаламызға арнаған еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерді болашақта қаламызға, еліміздің дамуына үлес қосатын азамат деп білемін. Жақсы бастама әрі қарай да жалғасын табуы тиіс, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
Сайыста үздік шыққан Шымкент қаласының оқушыларын айта кетсек, олар: Гүлнұр Мәуленова (Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы), Бекзат Қуанышбай (Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы), Аружан Бейсеева (№ 40 мектептің 10 сынып оқушысы) және Дана Юсупова ( № 42 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы).
Облыстан Мақтарал, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек ауданы, Түркістан және Кентау қаласының оқушылары белсенділік танытса, сонымен бірге, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облысының өкілдері де жеңіске жетті.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты. Оқушылар әрі қарай қаланың көрікті жерлері мен тарихи орындарына саяхат жасады.

Опубликовано в Қала