Пятница, 08 Апрель 2016 03:56

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығы және Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, І. Жансүгіров көшесі бойындағы өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы және «Өрлеу» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

1214

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізгі үш бағыттан тұрады: бірінші бағыт – белсенділікті арттыру (тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту, кәсіби оқуды ұйымдастыру), екінші бағыты – ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту ( өз ісін ашу), үшінші бағыт – еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (экономикалық белсенді аймақтарға жер алмастыру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру).
Бағдарламаға қатысушылар санатына жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар кіреді. Отбасының қиын тұрмыс жағдайын жеңілдету мақсатында және бұрын-соңды жұмыс істемеген отбасы мүшелеріне жаңа өмірге беймделуіне, оқуына не қайта оқуына, сонымен қатар, жұмысқа орналасуына ықпал ету немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін қарастыру көзделген. «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасынының мақсаты – аз қамтылған еңбекке жарамды отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайту. Осы бағдарламалар бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіне алатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 30 Март 2016 05:00

Ретсiз саудадан тазартылды

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, жабайы сауда орындары мен заңсыз қызмет көрсетіп келе жатқан дүңгіршектерге қарсы күрес шаралары қызу жүргізілуде. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет рейд өткізілді.

 alPharabi-reid  alPharabi-reid-2

Белгіленбеген орында жеміс-жидек сатушылар базар ішіне көшіріліп, ал жаяу жүргіншілер жолында орналасқан дүңгіршектер жүк көлігіне тиеліп, аумақ ретсіз саудадан тазартылды.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрмановтың айтуынша, жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы ретсіз саудамен күресті күшейткен.
– Біз «Қырғы базардың» сыртында, көше бойында сауда жасайтын сатушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 42 сауда нүктесін базар ішіне көшірдік. Ал жыл басынан бері заңсыз тұрған 8 дүңгіршек алынып, 32 хаттама толтырылды. Оның 25-іне айыппұл салынды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күнделікті бақылап, рейд өткізудеміз. Ретсіз саудамен күрес жұмыстары жалғасатын болады, – деді С. Нұрманов.

Опубликовано в Қоғам