Версия для печати

Қылмыс саны азайған

Среда, 08 Февраль 2017 07:53 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4215 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Облыс соттарында былтыр 26 170 әкімшілік, 5 102 қылмыстық іс қаралған. Ал, 2015 жылы әкімшілік істердің саны 8 407-ге, қылмыстық істердің саны 1523-ке азайған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов облыс соттарының 2016 жылғы сот төрелігін атқару жұмыстарының қорытындысында мәлімдеді.

dsc 9168 1

– Жаңа қылмыстық-процестік кодекстің ережелеріне сәйкес, 392 қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен, 687 іс медиация тәртібімен қаралған. Ал, алқабилердің қатысуымен қаралған істердің саны 27,2 %-ға артқан-, деді облыстық сот төрағасы. 

Сондай-ақ, шара барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының практикалық тұрғыдан іске асыру мен республика судьяларының VII съезінде Елбасының берген тапсырмаларын орындау бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері мен облыс және аудандық сот төрағаларының есептері тыңдалды. Осыдан кейін ОҚО облыстық соты 2016 жылдың басында ұйымдастырған «Аудандық және оған теңестірілген сотының жұмысын үздік ұйымдастыру» атты облыстық байқауда жеңіске жеткен Арыс аудандық сотын марапаттады. 

Кеңейтілген кеңес соңында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин үш сатылы сот төрелігі жүйесі сәтті іске қосылғанын, судьяларды іріктеу мен ілгерілету жүйесінің қатаңдатылғанын және тергеу судьяларының, алқабилер сотының құзыреті кеңейтілгенін айтып өтті.

Сапарғали ҚАНАТ

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «J-Group Production» аутсорсинг компаниясында журналист, сценарист, «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты «Сана» журналында журналист болып еңбек еткен. 2017 жылдың қаңтарынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.