«Ата Заң – елімнің тынысы» атты тақырыптық сағат өтті

Четверг, 31 Август 2017 03:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 6825 раз

Конституция – біздің мемлекетіміздің басты заңы. Барлық заңдар мен ережелер, Конституцияға қайшы келмей бағынулары керек. Егеменді Қазақстанда 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция қолданылып келеді.

Осыған орай қаладағы ОБКЖ-нің № 8 модельді кітапхана бөлісшесінде «Ата      Заң – елімнің тынысы» атты тақырыптық сағат өтті.

 Іс-шара кітапхананың оқу залында №13 мектептің жазғы демалыста жүрген балалармен бірге өткізілді. Кітапханашы Д. Ибрагимова Қазақстан Конституциясы туралы терең білім беру, жеке адамның конституциялық құқықтары мен  міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету, патриоттық, адамгершілік, ұлттық, құқықтық тәрбие беру мақсатында баяндама  оқыды.

Оқу залына жиналған  Балалар  тақырыптық сағатты ҚР әнұранымен бастап ,дайындап келген патриоттық өлеңдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқыды. Ата Заңға байланысты сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға кітапхананың белсенді оқырмандары  Жарас Олжас, С. Умарова, Ә. Бөрібай жауап берді. «Ата Заң – ынтымақ, бірлік кепілі» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Кеш  соңында «Атамекен» атты әнді хормен орындады.

 

                                                                       Н. Артықова,
 №8 модельді кітапхананың
                                                                         кітапханашысы  

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.