Таланттарды танытқан байқау

Пятница, 20 Февраль 2015 06:22 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6694 раз

Дәстүрлі жоғары мектеп аралық «Ынта-2015» байқауы мәреге жетті. Эстрада ән орындаушылары мен кеш жүргізушілеріне арналған сайыста 21 үміткер бақ сынады.

ynta-2015Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2011 жылдан бастау алған конкурстың жастар үшін орны бөлек. Байқаудың мақсаты – дарынды жастарды айқындау, шығармашылығын дамыту, оқу орнының қоғамдық  және мәдени өміріне баулу. Конкурсқа қатысушы үміткерлер бірінші кезеңде өзі таңдаған ән орындаса, екінші кезеңде облыстық эстрада жұлдыздарымен шеберліктерін көрсетті. Десе де, қазылар алқасына үздік ән орындаушылар мен кеш жүргізушілерін анықтау оңай болған жоқ. Сайыс қорытындысына сәйкес жас орындаушылар аталымы бойынша бас жүлдені шығармашылық және жаңа технологиялар жоғары мектебінің 2 курс студенті Алмас Қожа жеңіп алды. Бірінші орынды филология жоғары мектебінің 3 курс студенті Әлия Жақсылық иеленді. Екінші орынды жаратылыстану физика-математика мектебінің студенттері Дәуіт Маратов пен Закария Ізмахан бөлісті. Ал үшінші  орынды Гүлсезім Қошқарбек пен Ақбота Сопбек қанағат тұтты.
Кеш жүргізушілері аталымы бойынша бас жүлде 1 курс студенті Мұхтар Аманжолға берілді.  Бірінші орынды Ләйлә Оспан иеленсе, екінші орынға Ақерке Шәмшихан мен Бағдәулет Нұрмат лайықты деп танылды. Үшінші орынды гуманитарлық әлеуметтік және физика-математика мектептерінің студенттері Әлімхан Әзімхан мен Ернұр Таубай иеленді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Германияда оқып қайтты Финляндия – оқырман ел »