ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 04:08 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1262 раз

Еліміздің үшінші мегаполисінде бүгінгі таңда 960 білім беру ұйымы бар. оның 251-і – мемлекеттік, 718-і – жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда 42 білім беру ұйымына артқан. Аталған білім ошақтарында 401 883 бала білім алуда. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева БАҚ өкілдеріне берген есебінде салада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

bilim

 

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, қалада 605 балабақша жұмыс істеп тұр, оның 71-і – мемлекеттік, 534-і – жекеменшік.
– Балабақшалардағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2023 жылы 22 жекеменшік балабақша ашылды. 2024 жылы қаңтар айының қорытындысы бойынша 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 78 263 баланың 90,7%-ы, яғни 71 003 бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылды. Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы 53 984 бала түгел балабақшаға қабылданды, – деді Нұргүл Ақылбекқызы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан жекелеген санаттағы 8155 бала тегін тамақпен қамтылды. Ал биыл 3000 баланы ыстық тамақпен қамту үшін
389,0 млн теңге қаржы қаралып, сәуір айынан бастап жүзеге асырылатын болады.
Қаладағы мемлекеттік
150 мектепте 207 192 оқушы, жекеменшік 122 мектепте 51 873 оқушы білім алуда. Өткен жылы жылы 23 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешімін тапқан.
Бүгінде қаладағы біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 64%-ға (19 354 педагог) жетті. 2023 жылы 8763 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтсе, биыл 7742 ұстазды курстарға жіберу жоспарланған.
Шымкенттегі 39 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 49 348 студент білім алып жатыр. Шымкент қаласындағы
11 мемлекеттік колледждің 8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады. Колледждерде өңір экономикасының маңызды салалары бойынша 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша мамандар даярлануда. Ал, кәсіпорындардың сұранысы негізінде нысаналы тапсырыспен 1380 маман білім алуда.
Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мектептерде түгел арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Ал, 122 жекеменшік мектептің 91-інің (75%) бейнебақылау жүйелері ПД Жедел басқару орталығына қосылған.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.