Оңтүстiктiң жастарын Солтүстiкке шақырамыз!

Пятница, 10 Апрель 2015 05:06 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4029 раз

Биыл Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не квота бойынша Оңтүстіктен 400 студент қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, техникалық бағытта білім беретін 4 колледжге 175 орын бөлінгелі отыр. Бұл туралы «Оңтүстік» баспасөз клубында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Шолпан Каримова мәлімдеді.

sqmuБұл жұмыстар «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Өткен жылы облысымыздан  СҚО-ғы ЖОО-на 225 студент қабылданған. Оның 150-і педагогикалық мамандық бойынша білім алуда, ал қалғаны кәсіптік-техникалық мамандықты игеруде. Шолпан Каримованың айтуынша, Оңтүстіктен  барған жастардың оқып, білім алуына бар жағдай жасалған. Оқу орындары жатақханамен қамтылған. Әр студентке 495 мың теңге көлемінде бір реттік төлем төленеді. 13 мың 400 теңге стипендия беріледі. Ай сайын тамағына 22 мың 500 теңге, киіміне 69 мың теңге бөлінуде. Жылына екі рет еліне барып қайтуға да ақша қарастырылған. Студенттер қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Солтүстік Қазақстандағы бірнеше колледж директорлары да Оңтүстікке арнайы келіпті. Мәселен, «Есіл» ауылшаруашылық колледжі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-техникалық колледжінің директорлары брифинг барысында оқу орындарының артықшылықтары  жайында айтып берді. Жастарды оқуға шақырды. Солтүстіктегі орта және жоғарғы оқу орындарының есігі 21 жасқа дейінгі оңтүстікқазақстандықтар үшін айқара ашық.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.