Жоспарланған жұмыстар мерзiмiнде аяқталуы тиiс

Пятница, 14 Август 2015 05:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3651 раз

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов шаһардағы алғашқы жұмыс сапарын күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралаудан бастады. Шымкенттегі Б.Момышұлы атындағы №44 және Қазыбек би атындағы №36 орта мектеп пен Сайрам елді мекеніндегі 1200 орынды орта мектепте болып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

josparlangan jumistar merz 33Өңір басшысы мердігерлерден жоспарланған жұмыстарды өз мерзімінде аяқтап, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапалы болуын ескертті. Мектеп ауласының көріктендірілуі мен ғимараттардың жылу жүйелерін жылыту маусымына дайындығы да пысықталды. Сондай-ақ, облыс басшысы мектеп іргесіндегі жер учаскелерін суғару жүйесін орнату талаптарын ескеруді жүктеді.
Айта кетейік, биыл республикалық және облыстық бюджет есебінен облыста 104 білім ордасының құрылысына қаржы қаралған. Жыл аяғына дейін 67 білім ордасының құрылысын аяқтау жоспарланып, 37 нысан іске қосылған. Сондай-ақ, апатты деп танылған 19 мектептің құрылысы бітуге жақын. Жыл соңына дейін тағы да апатты мектептердің саны 10-ға қысқармақ. Ал қалған 27 апатты мектептің мәселесі 2017 жылға дейін кезең-кезеңімен шешіледі.       
Б.Атамқұлов білім ошақтарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.