Шымкент қаласының тұрғындарына ҮНДЕУ
Шымкент қаласының әкімдігі 2015 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы хабарлайды. Шымкент қаласының әкімдігінің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау, алдын алу үшін көмек көрсету.
Қала тұрғындарына, жеке кәсіпкерлер мен жүрегі жомарт азаматтарға өз үндеуін жолдай отырып қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады. Қала мектептерінен әлеуметтік жәрдемге мұқтаж балалар саны – 26906, олардың ішінде әлеуметтік көмекті қажет ететіндер:
– жетім балалар – 787
– жартылай жетім – 4708
– мүгедек – 814
– көп балалы отбасының балалары – 15668
– аз қамтылған отбасы балалары – 4882
– оралман отбасы балалары – 47
Сонымен қатар 4170 оқушыға жалпыға міндетті білім қорынан қаржылай көмек көрсетіледі.
Сіздердің араларыңызда өмірі қиын жағдайда қалған және жетім балалардың тағдырына көңіл бөлмей тұра алмайтын жомарт адамдардың бар екендігіне сенеміз!
Бақытты, салауатты бала – өмірдің жалғасы, қоғамның гүлденуі мен дамуының негізі.