Шымкенттiк ұстаздар шетелде бiлiмiн жетiлдiредi

Вторник, 01 Сентябрь 2015 10:46 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3477 раз

shymkent ustazdary 35Білім саласының қызметкерлері Түркістан сарайында өткен қалалық тамыз кеңесінде «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» тақырыбында бірқатар мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. Оған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиева, қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Мәдиев, қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ө.Мелдеханов қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімі Ғ. Әбдірахманов білім саласында жаңа формациядағы ұстаздарды дайындауды қолға алу керектігін,
мұғалімдердің сапасын арттыру үшін оларды жұмысқа арнайы конкурс арқылы қабылдап, жұмыс істеу тәсіліне инновациялық жүйе енгізу, халықаралық стандарт деңгейіне көтерілу қажеттілігін баса айтты.
– Апатты жағдайдағы мен үш ауысымды мектептердің мемлекеттік қаржы көздерімен шешуге болады. Ал білім сапасын ешқандай қаражатпен жақсарта алмайсың. Ол үшін ұстаздардың біліктілігі жоғарғы деңгейде болуы керек. Мен сіздердің еңбектеріңізді ерекше бағалаймын. Жұмыстарыңыздың оңай емес екендігін де жақсы түсінемін. Себебі, менің анам 40 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған. Жастайымыздан анамыздың түнімен дәптер тексеріп, жұмыс жоспарын жазатынын көріп өстік. Шәкірт тәрбиелеудің қиындығын жақсы білемін, – деді қала әкімі Ғ. Әбдірахымов. Сондай-ақ, алдағы уақытта шымкенттік ұстаздар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасатынын да жеткізді.
Ал тамыз кеңесінде баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев  жылдан-жылға білім саласына бөлінген қаржы көлемі артып келе жатқанын, қаладағы үш ауысымды мектептердің мәселесі 2017 жылы толық шешілетіндігін, былтырғы жылмен салыстырғанда мектеп директорлары мен ұстаздарға қатысты арыз-шағымдар 44,5 пайыз төмендегенін айтып өтті.
Іс-шара соңында үздік мектептің басшылары мен ұстаздарына Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының, қалалық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Алғыс хаттары тапсырылды.

Әйгерім БЕГІМБЕТ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Сапалы бiлiм – саналы тәрбие бастауы Шығай хан »