Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білімнің қарашаңырағы, студенттердің сүйікті қалашығы. Мұнда республикамыздың барлық өңірінен келген жастар білім алады.
Бес мыңнан астам студенттері бар, жалпы аумағы 81 000 шаршы метрді құрайтын ҚазҰУ қалашығының барлық талаптарға жауап беретін 14 жайлы студенттер үйі бар. Мұнда әрбір студентке жылы атмосфера мен үйдегідей жайлылық жасалған. ҚазҰУ студенттер үйі өзінің қолайлылығымен, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Жатақханаларда оқу үшін арнайы оқу залдары мен компьютерлік сыныптар жасақталған. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері, асхана, бірнеше дәмханалар, телефон шоттарын толтыру терминалдары, көшірме орталықтары да бар. Жатақхана ғимараты жанында спорттық және көңіл-көтеру алаңдары мен футбол алаңдары жабдықталған. Студенттік үйлер бақылау камераларымен жарақтандырылған. Бейне бақылау әрбір қабатта жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. Жатақханада тұратындар электронды рұқсатнама арқылы кіреді. Студенттік үйлер аумағында сағат түнгі 23. 00-ден таңғы 6. 00-ге дейін күзетшілер кезекшілік етеді. Университет жатақхана қажет етушілерді орынмен қамтамасыз етуге күш салады. Сондықтан біз, сапалы жоғары білім беретін университетіміздің болашақта әлемнің үздік орындары қатарына қосылатынына сенімдімін.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары білімді де білікті шәкірт дайындау ісін мақтанышпен айтады. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Ғ. М. Мұтанов: «Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз. Себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысады. Бұл бізідің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз» деген пікірін жеткізеді.
Қамбар Мағжан,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің 1-курс студенті