Отаншыл жастар – ел ертеңi

Среда, 17 Февраль 2016 06:07 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5015 раз

Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесінің (ОБКЖ) бөлімшелерінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірнеше мәдени іс-шаралар өтті. Бұл ретте 15 шағынаудандағы №7 кітапхана бөлімшесі №24 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Аксикова және 8 «а» сынып оқушылары бірлесіп, «Егемен елім – тірегім!» атты кеш ұйымдастырды.

SAM 1384Шара аясында «Бас бақытым – тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Тәуелсіздік үшін ерлікпен қаза тапқан боздақтардың есімдерін бір сәт үнсіздікпен еске алумен ашылған іс-шарада оқушылар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдері мен шығармаларын оқып, тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық тарихына тоқталды. Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіздіктің елімізге оңай келмегенін, осы ауыр да азапты жолда қаншама біртуар қайсар азаматтар мерт болғанын, олардың соңғы тұяғы әйгілі Желтоқсан оқиғасының құрбандары
Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, С. Мұхамеджанова екенін айтып өтті. Интерактивті тақтада әртүрлі терең ойға жетелер слайдтар көрсетілді.
«Егемен елім – тірегім!» іс-шарасы тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай деген көпшілік тілегімен аяқталды.

Айнұр Құрмашова,
ОБКЖ №7 кітапхана
бөлімшесінің кітапханашысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.