Соңғы технологиямен жабдықталған орталық оқушылардың білімін жетілдіруге бағытталған. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалудың ерекше жолы болмақ. Бұл электронды жүйе ата-аналарға, мұғалімдерге республикадағы білім сапасы жөнінде толық есеп алуына жағдай туғызбақ.
– Жас өскіннің білім деңгейін көтеріп, өзін үздіксіз шыңдай түсуі үшін осындай тестілеу орталықтары көптеп ашылуы керек. Біз қаламыздағы мектеп оқушыларының білім сапасын республикада алдыңғы орынға шығаруымыз үшін осындай орталықтар қажет, – деді Ғабидолла
Рахматоллаұлы.
Талапкерлердің білім деңгейін тексеретін орталықта 5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9000-нан астам тест сұрақтары жинақталған. Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300-ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған.
Аталған орталық мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындалуға жəне сəтті тапсыруға көмектеседі. Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, видео сабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар.
Онлайн тестілеу орталығы ашылды
Пятница, 26 Февраль 2016 07:25 Автор Редакция Опубликовано в Білім Прочитано 5949 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.