ҰБТ-ны қайта тапсыруға болады

Пятница, 18 Март 2016 04:54 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4184 раз

2016 жылы мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

1058– Сенат депутаттарының бастамасы бойынша биылғы жылдан бастап мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сенаттың бұл бастамасына Үкімет те, Білім және ғылым министрлігі де, жалпы қоғам да қолдау білдірген болатын, – деді Ерлан Сағадиев.
Министрлік ұсынған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда жыл сайын ҰБТ тапсырмайтын мектеп бітірушілер саны артып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш шамамен 46 мың адамға жуықтаған.
– Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Жоғары білімнен 100 мыңға тарта кешкі оқылымдағы оқушылар қалып отыр, олардың 25 мыңы ЖОО-дарға да, колледждерге де түспейді. Бұл – алаңдатарлық жағдай, – деді министр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.