Төрт мектептiң құрылысы басталады

Среда, 02 Март 2016 08:16 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3206 раз

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, мәслихат депутаттары және бөлім басшылары қатысты.

Сессияда бес мәселе қаралды. Шешім жобаларының бәрі де тұрақты комиссияларда талқыланған. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 19 шілдедегі № 24/161-5с «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына 2015 жылдың 2 қарашасында енгізілген өзгерістерге сәйкес, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында жергілікті өзін-өзі басқару аумағы кеңесінің құрамын бекіту, қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54/411-5с «2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі депутаттар назарына ұсынылды. Айтылған мәселелердің бәрі де депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Өзгерістерге сәйкес, үш ауысымда оқитын мектептерді екі ауысымға ауыстыру үшін «Достық» шағынауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын, №59 орта мектепті қайта құру және «Қайнарбұлақ» шағынауданындағы мектеп пен Жаңаталап тұрғын алабындағы 600 орындық мектеп құрылысын бастауға ұсыныс беріліп отыр.
Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/392 – 5с «Б» корпусындағы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану мәселесін, сондай-ақ Шымкент қаласының қоғамдық кеңес құрамын бекітіп алу мәселесін де депутаттар бірауыздан қолдады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.