ҰБТ жаңа форматта өтеді Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:51 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2746 раз

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстарын ұйымдастыру барысын пысықтады. Білім басқармасының басшысы
Ж.Тәжиеваның айтуынша, биыл 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіреді. Осыған дейін ҰБТ қағаз түрінде, 2 рет ақылы және 1 рет грант алу мүмкіндігі негізінде 10 күн аралығында өтіп, ҰБТ өткізу пункттері әр өңірге арнайы белгіленетін.

665

 

2021 жылдан бастап ҰБТ тапсыру «Бір компьютер – бір камера» принципі бойынша әрбір түлек үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы электрондық форматқа көшті. Бұл ретте тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін ҰБТ тапсыра алады.
ҰБТ арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында І-кезеңі 10 наурыз - 10 сәуір аралығында (ЖОО ақылы негізде түсуге) өткізіліп, 6 973 (74,6%) талапкер тест тапсырды.
ІІ-кезеңі 25 сәуір мен 30 маусым аралығында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) өтетін болады. Тест тапсырушылар өз бетінше (тіркелу сайты - https://app.testcenter.kz/auth) осы жылдың 15 сәуірінен бастап тіркелуде және ҰБТ тапсыру орнын Қазақстанның кез келген өңірінен таңдау мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, бұл жылы 15 173 талапкер тестілеуге (2 рет тапсырғанда 30 346) келеді деп күтілуде. Оның ішінде, Шымкент қаласынан – 8 585 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірсе, Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан 6 588 талапкер келеді деп жоспарлануда. Жалпы бір күнде екі ауысыммен 43 күн аралығында 30 346 талапкер тестілеуден өтетін болады.
Шаһар басшысы атқарылған жұмыстарды тыңдап, тест тапсыру орталықтарындағы қауіпсіздік, санитарлық жағдайдың қатаң қадағалануын тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.