ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

Четверг, 13 Май 2021 06:11 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4585 раз

2021 жылы 26-30 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумыөтті.

 

Форум мақсаты:

Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне 30 жылдығы тойлауы қарсаңында Қазақстан тарихындағы бір бөлігі ретінде Шымкенттің мыңжылдықтар тарихын жаңа деректермен толықтырып, ретроспективалық экскурс жасау және ХХІ ғасырдағы Шымкент мегаполисінің дамуындағы жаңа стратегиясымен өңірде ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталығы ретінде қалыптасуына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 басымдығы мен 17 арнайы жобалары арқылы ғылыми-практикалық, ғылыми-танымдық және жастардың нақты «Құндылықтарды жалғастырушы жастар» ретінде әлеуметтік инновациялық жобаларымен Шымкент қаласының дамуына үлес қосу; сонымен қатар, 2021 жылы 29 сәуірде өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының қарсаңында «Қазақтану» жобасын Шымкентте іске асырылуы және Қазақстан этностарының 30 жыл ішінде Қазақстанның және Шымкент мегаполисінің дамуына ықпалын тигізу.

І күн. 26 сәуірде форумның ашылуында «ШЫМКЕНТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУ КӨКЖИЕГІ»атты халықаралық деңгейдеғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Пленарлық және секция жұмысынды қойылған мақсат міндеттерінде Шымкент қаласының: «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы жөніндегі қоғамдық кеңесі; «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңесі; «Nur Otan» партиясы жанындағы экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесі; Шымкент қаласының «Жас Отан» жастар қанаты; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы; Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі; Шымкент қалалық мемлекеттік архиві; Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер Басқармасының «әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы»; Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы; Шымкент Туризм орталығы; «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» кілем фабрикасы, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты сияқты экономика саласының өкілдері; Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктері; Шымкент қаласының халықаралық деңгейдегі байланыстары туралы мәселе үшін арнайы түрде Гази университетінің «Педагогика бағытындағы білім беру» институты (Түркия, Анкара қаласы) және республикалық бір қатар оқу орныдары, атап айтқанда Әуезов университетінің, Silkway халықаралық университетінің, Алматы қ., Нархоз Университеті, Қарағанды қ., Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары мен ізденушілерілері кең түрде қатысып арнайы жобаларын толық іске асырылды.

  1. Конференция жұмысында 76 мақала конференцияның Еңбектер жинағына жарияланды.
  2. Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне 30 жылдығына қосқан үлесі ретінде «Архив-2025» арнайы жоба арқылы Шымкент қаласының көне заманынан бастап қазіргі уақытына дейінгі даму жолындағы тарихи экскурс жасалынып тарих, экономика, демография, мәдениеттану, философия, саласында және техникалық, педагогикалық бағытындағы ғалымдардың жаңа ғылыми еңбектері жарыққа шықты.
  3. ХХІ ғасырда даму бағытында Қазақстанның және Орталық Азиядағы бәсекеге қабілетті мегаполистер қатарына ие болу үшін нақты жобаларды іске асыруға сұрақтар талқыланды. Оның ішінде: - Шымкент қаласының тарихи-мәдени нысандарын реконстуркциялық жұмыстарын белсендіру, келбеті мен сәулетін ілгерілету үшін зерттеулер мен жобаларды іске асыру; - Шымкенттің қазіргі таңда экономикалық бағыттарындағы өнеркәсіп және ауыл-шаруашылық агробелдеуін нығайтып «Шымкент бренд» өнімін өсіру мен арттыру, Қазақстан қалаларының және шетел аймақтарына кең таратып, сауда-саттық процесстерінде кәсіпорын мен сапа жүйесін күшейту және қала бюджетін пайда беру; - Шымкент қаласының «Жасыл қала» атын дамыту жұмысында экологиялық таза аймақ ретінде ғылыми-зерттеу институттары мен қала әкімдігінің көгаландыру жұмыстарына сәйкес білім мен ғылым саласында «Агрономия», «Орман шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы» мамандықтарға жастарды тарту, қала дамуына жас кадрларды дайындау, жұмысқа тарту, кәсіпкерлердің жұмыстарын жетілдіру; - Шымкент шаһарының көлік-коммуникация және логистика жүйесіне «жасыл транспорт» қағидасын дамыту, «биожанармай» ұғымды нығайту; - Туристік орталықтар мен туристік кластер арқылы «ШымСити» қағидасын ілгерлету, халықаралық қатынастарға және сыртқы нарықтан «ШымТуры» жолдарын көбейту;
  4. Шымкент мегаполистің ХХІ ғасырдағы ғылымы, білім беру салаларында жаңа бағдарламалар арқылы: ІТ-технологиялар, роботехника, үштілдік орта, кәсіптікке баулу, «Цифрлы Шымкент», әлеуметтік желілер арқылы қала имиджін көтеру бойынша жас мамандарды даярлау мен мектеп қабырғасынан Шымқала патриоттарын өсіруге бағыттауды белсендіру жұмыстарын жүргізумен конференция жұмысын қорытылды.

ІІ күн. 27 сәуірде онлайн жүйеде «ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ – ЖАСТАР» атты университет жастарының СЛЁТІ өтті.Cлёттің ұйымдастырылу мақсаты: Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» деп, жастарға зор үміт артқандай және Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «...Егеменді мемлекетіміздің құндылығы – оның тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. Кемел болашақты құратын кемеңгер халқымыз, оның ішінде бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, заманауи жаңашылдықпен біте қайнасып, еліміздің көк туын әлемге паш ететін жастар қауымы Отанымыз - Қазақстанның әлемдік аренада беделінің артуы үшін бар күшін сарқа қызмет етеді» деген сеніммен жастар жиыны жасалды.

Іс-шараға Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің «Студенттік Кеңес» атынан Тағабаев Рахат және Арыстан Аружан; «Жас Отан» Жастар қанаты атынан Есмахан Бегарыс; «Ақиқат» жастар пікірсайыс орталығы атынан Райс Шапағат; «Альянс» ұйымы атынан Оразов Мақсат; «Достық» клубы атынан Тургунов Нұрбек сөз сөйлеп, жастар жетістіктері мен арман-мақсаттары туралы айтты. Сонымен қоса, «Әуезов университеті 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздары да осы слетке қатысып отыр. Атап айтқанда, «Үздік кадр резерві» номинациясының жеңімпазы, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының аға оқытушысы Пазилов Ержан; «Үздік докторант» номинациясының жеңімпазы, «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің білім алушысы Икрамов Ильяс; «Үздік магистрант» номинациясының жеңімпазы, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің білім алушысы Сапаралы Қарлығаш; «Үздік студент» номинациясының жеңімпазы, «Филология» факулоьтетінің білім алушысы Төлеген Қасымжомарт өз баяндамаларын жасап, жетістіктерге жету жолдарының қиыншылықтары мен қызықшылықтарымен бөлісті. Жас спикерлер өз сөздерінің соңында қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын жатқа оқып, заманауи формат – челлендж түрінде Қазақстан Республикасы жастарына жолдады.

ІІІ күн. 28 сәуірде онлайн жүйеде «ТУРИСТІК ШЫМКЕНТ» КВЕСТІ атты факультеттер, жоғары мектептер және колледжден студенттік құрама командаларының жарысы өтті.

Квесттің мақсаты мен міндеттеріндеМ.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, студенттерді Шымкент қаласының мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге тарту,ішкі туризмді дамытуды және Шымкент қаласына экскурсияларды насихаттау, қатысушылар арасында экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген өз қаласының нағыз патриоттарын анықтау.Шымкент қаласының тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу; қатысушыларды Шымкент қаласының картасымен және барлық мәдениет, тарих, демалыс және ойын-сауық нысандарымен таныстыру; жергілікті жерде бағдарлау бойынша қатысушылардың қабілеттерін бағалау.

3 студенттен құралған 13 студенттік команда қатысты. Олар арнайы бағыттық тапсырмалар алып мегаполис тарихы мен бүгінгі болмысын көшелер, аудандар, ескерткіштер, музейлер мен қасиетті орындарға бара отырып меңгеруге қол жеткізді. Қатысушы командалар өз бағыттары бойынша онлайн видео қорғаған тапсырмалары фейсбук әлеуметтік желі   Жобалық Кеңсе Әуезов университеті парақшасына жариялап, арнайы құралған (жюри) қазылар сарапатамасының нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орындар иеленген командалар анықталды.

Квест жұмысына қатысушы командалар

1.«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ» атты 1-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің ММГ-18-3к тобының студенттері Тельманова Т., Жайлыбек Б., Калмахан Д. «ЖАС МЕХАНИКТЕР» атты командаға (Жетекші оқытушы: Сейкасимова Л.А.); видео тапсырманы уақытында орындап жібере алмады

2. «ӘНҰРАННЫҢ ОТАНЫ» атты 2-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері Құрманбай Е., Әбдірайым М., Асқарбек Н., Еркебаева А. «ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАСТАРЫ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Абдуллин А.);

3. «ОТТЫ ЖЫЛДАРДА БОЙ КӨТЕРГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ» атты 3-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Филология» факультетінің 3 курс студенттері Әбдіғаппар Г., Керімбай А., Кеңесбай А. «ПОЛИГЛОТ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Даулет М.);

4.«ЕРЛІК ПЕН БАТЫРЛЫҚ КИЕЛІ ӨЛКЕ ҮЛГІСІ» атты 4-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Жаратылыстану-ғылыми педагогикалық» жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері Керімхан Б., Ахмет Л., Тоғанбаева Д. «ҚЫЗҒАЛДАҚ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Бакирова Г.);

5.«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУШЫ ТҰЛҒА» атты 5-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Сәулет, құрылыс және транспорт» факультетінің 2-3 курс студенттері Абдуалиев Ж., Пернебай Д., Утеген М. «БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУШЫЛАР» атты командаға (Жетекші оқытушы: Темирова У.);

6.«ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ШЫМКЕНТ» атты 6-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Жақсылық Е., Баймырза А., Ильяс А., Ораз М.. «АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айхынбай К.);

7.«ШЫМКЕНТ ТАРИХ ІЗІМЕН» атты 7-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Заң» факультетінің 1-2 курс студенттері Оралбек Г., Сарыбек А., Кадеева А. «ҚЫРАНДАР» атты командаға (Жетекші оқытушы: Амангелдиева А.);

8. «ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ» атты 8-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Тарих және педагогика» факультетінің 1 курс студенттері Бекмұрат М., Сейітқасым Ш., Шерхан С. «НЕДЖИКЕНТ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Тугелова М.);

9.«ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ» атты 9-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Тағыбаев Р., Давлетбек А.,   Ерболат А. «ҚАРЖЫГЕРЛЕР» атты командаға (Жетекші оқытушы: Жусипова Э.);

10. «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ АБАЙ ӘЛЕМІ» атты 10-шы бағыт бойынша тапсырма алған «Аграрлық» факультет 2 курс студенттері Базаралы А., Бабаназар Б., Нұрғазиева Б.«АЗАЛИЯ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айтбаева А.);

11.«АСАНБАЙ АСҚАРОВ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ» атты 11-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Тоқыма және тамақ инженерия» жоғары мектебінің 1 курс студенттері Шарип Ш, Лес Ш., Лесбек М. «ТОМИРИС» атты командаға (Жетекші оқытушы: Айтбаева А.);

12. «АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ» атты 12-ші бағыт бойынша тапсырма алған университет колледжінің 1-2 курс студенттері Қаржауов М., Дарибаева А., Темірхан Н. «НҰР-СӘТ-ШЫМКЕНТ» атты командаға (Жетекші оқытушы: Досыбай Н.);

13. «ҚАСИЕТТІ ШЫМКЕНТ» атты 13-ші бағыт бойынша тапсырма алған «Мәдениет және спорт» факультетінің 1 курс студенттері Болыспекова А., Амантай М., Елшібек Ш., «ART-HOME» атты командаға (Жетекші оқытушы: Өмірбек М.) біріге отырып, осы бағыттардың нысандары туралы толық білімді меңгереді.

Арнайы құралған (жюри) қазылар Видеофильмнің өзектілігі, видеофильмнің креативтілігі, команда мүшелерінің шешендік өнері мен біліктілігін сараптау нәтижесінде І – орын 1 команда, ІІ-орын 2 команда, ІІІ орын 2 команда анықталды.

Олар:

І-ші орын «Тарих және педагогика» факультетінің «НЕДЖИКЕНТ» командасы

ІІ-ші орын «Мәдениет және спорт» факультетінің «ART-HOME» командасы

ІІІ-ші орын «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС» командасы

3-ші орын «Аграрлық» факультетінің «АЗАЛИЯ»   командасы

3-ші орын «Жаратылыстану-ғылыми педагогикалық» жоғары мектебінің «ҚЫЗҒАЛДАҚ» командасы алды.

        Жеңімпаздардан құралған арнайы топ қаладағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, жергілікті тарихшышылармен сұхбаттасады деп күтілуде.

ІVкүн. 29 сәуірде онлайн жүйеде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Қазақтану» жобасы негізіндегі этнос өкілдерінің қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін, салт-дәстүрін меңгеруді жоғары дәрежеге жеткізген «ШЫМКЕНТ - МЕНІҢ ОТАНЫМ» атты факультеттер мен жоғары мектептер арасында БАЙҚАУ өтті. Қазылар алқасы факультет және жоғары мектептерден келіп түскен бейне материалдарды сараптама жасай отырып, байқау жеңімпаздарын анықтады.

 

Олар:

І орын: ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ІІ орын: СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІ

ІІІ орын: БАСҚАРУ ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ.

 

НОМИНАЦИЯЛАР:

1.«Күмбірлеген күй» номинациясы бойынша «Филология» факультеті студенті Абажова Диана, 2. «Мың бұралған қазақ биі» номинациясы бойынша «Мәдениет және спорт» факультеті студенті Степанюга Анастасия. 3. «Қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша «Заң» факультетінің студенттері: Искандерова Диана, Калманова Гүлсанам, Абдуалиева Камола. 4. «Мақал-мәтел жарысы» челленджі: «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенті Алямшина Дилана.

Vкүн. 30 сәуірде «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумының онлайн жүйеде қорытынды талқылау мен жабылуы өтті. Әуезов университетінің «Әлеуметтік және тәрбие ісі» жөніндегі проректоры, фил.ғ.к., Мәжінбеков Сакен Аралбайұлы, Шымкен қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Оралбаева Зауре Абдухамитқызы, Шымкент Туризм орталығы басшысы Умаров Ерлан Суюндикұлы, Шымкент қаласының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» эксперттік комиссиясының төрайымы Қорғанова Саипжамал Сұлтанқызы, Әуезов университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, тарих ғ.к., Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызы апталық жұмысты қорытындылады.

Республика және шетел деңгейінде өткен іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, апталық өз мәресіне жетіп, бағытталған кезеңдерді жоғары деңгейде өткені туралы форум қонақтары мен қатысушылары нақтылады. «Рухани жаңғыру» және «Қазақтану» жобалары іске толық асырылып Шымкенттің мынжылдықтар тарихы мен қазіргі замандағы дамуына өз ықпалын тигізді деп есептеді. Ұйымдастырушы комитет атынан барлық спикерлермен қатысушыларға онлайн жүйеде форумның материалдары, алхыс хаттары, жеңімпаздар дипломдар мен белсенді қатысушылардың сертификаттары табысталады.

Форум жұмысының нәтижелерін, конференция ұсыныстары мен қарарын Шымкент қаласы Әкімдігіне жолдауға және Тәуелсіздіктің 30 жыл мерей тойынының бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігіне, Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігіне республикалық есебке алуға құжаттарды жіберуге дайындалады.

 

БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ АТЫНАН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРМЕЗ.

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!!!

Фарида Сугир, 
Преподаватель кафедры
"Практический русский язык для технических специальностей"
Южно-Казахстанского университета им.М.Ауезова

Последнее изменение Четверг, 20 Май 2021 08:36
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шымкенттік 5 мектеп – үздіктер қатарында