Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Ұстаздардың білімін саралайтын дәстүрлі байқауға Шымкент қаласынан да команда қатысты. Шымқаланың намысын қалалық кезеңнің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Раиса Ен, дарынды балаларға арналған №1 IT лицей-интернатының мұғалімі Нұрбол Мирзахмедов, №90 ДАБММГ мұғалімі Елдос Айдарбеков және Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жақсылық
Садиров қорғады.
Олимпиада төрт кезеңді қамтыған. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма берілген. Байқаудың барлық кезеңінде шымкенттік ұстаздар білімі мен тәжірибесін дәлелдеді. Нәтижесінде республикалық олимпиадада Шымкент қаласының командасы III орын иеленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.