Бас шырша шамы жағылды

Пятница, 19 Декабрь 2014 04:43 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4921 раз

Шымкентте қала тұрғындары алдағы мерекенің басты белгісі ретінде қабылдайтын жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды. Шымкент қаласының бас шыршасы «Нұрсәт» шағынауданында Әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа алаңда орнатылған.

elka 201444Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде тойладық. Қала тұрғындары енді  жаңа жылды қарсы алудың қамына кірісіп те кетті.
Әкімшілік-іскерлік алаңындағы бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қала әкімі Дархан Амангелдіұлы қатысты. Биіктігі 18, ені 9,5 метр шыршаның алдына жиналған қала тұрғындары салтанатты рәсімнің куәсі болды. Қала әкімі көпшілікті келе жатқан жаңа жылдық мерекесімен құттықтап, шыршаның шамын жақты.
Жалпы, қала бойынша үш шырша орнатылған. Жылдағыдай екінші шырша Әл-Фараби алаңына, үшіншісі
Ш. Қалдаяқов гүлзарына қойылды. Бас шыршаға 7500 метрлік безендіру заттары мен жарықтандыру құрал-шамдарынан өзге 2250 дана ойыншықтары ілінген. Бас шыршаның бір ерекшелігі, қазақы ою-өрнектермен әшекейленіп, ұлттық нақышта безендірілді.

 

Последнее изменение Пятница, 19 Декабрь 2014 05:37
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.