Қонаевтың рухына арналды

Пятница, 24 Февраль 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2465 раз

konaevtyn-ruhyna

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толып отыр. Осыған орай «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы қазақтың біртуар ұлын еске алу іс-шараларын қолға алды.

Желтоқсан қозғалысының ардагерлері үшінші мегаполистегі мектеп оқушылары арасында шахмат турнирін өткізді. Зияткерлік сайысына 100 бала қатысты. Ашылу салтанатына Д.А.Қонаев қорының жетекшілері, әскери сала және ауған соғысының ардагерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ардагерлер шахмат клубының өкілдері қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

– Біз Қазақстанды басқарып, ел дамуында өзіндік айрықша қолтаңбасын қалдырған Дінмұхамед Қонаевты әрдайым еске алып отырамыз. Биыл жасөспірімдер арасында шахмат турнирін өткізейік деп шештік. Осы ойымызды қалалық білім басқармасына айтқанымызда басшылары бірден қолдау көрсетіп, жарысты сәтті ұйымдастыруға көмектесті. Сол үшін алғыс айтамыз, – деді жарыс ұйымдастырушыларының бірі Болатбек Бейсенов.

Болатбек Шымкентбайұлы – Желтоқсан қозғалысының ардагері, патриоттық қозғалыстың белсенді мүшесі. Үш күндік турнирге демеушілік жасап, барлық шығынды өзі көтеріп отыр. Мұндағы мақсатымыз – балалардың ой-өрісін дамыту, бір-бірімен өзара байланысын нығайту, дейді ардагерлер.

Турнирге Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық шахмат федерациясы қолдау көрсетіп, спорт мектебі мамандары төрелік етті.

Үш күнге созылған жарыстың алғашқы күндерінде 5-8 сынып оқушылары, ал екінші күні 9-11 сынып оқушылары сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталды, соңынан Дінмұхамед Қонаевтың рухына арнап Құдайы ас берілді.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «43/38» Топ ішінен танылған шын жүйріктер »