Ұлт өнері ұлықталған күн Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:47 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2319 раз

Қаладағы «Түркістан сарайында» Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала әуендері» дәстүрлі ән орындаушылар және «Ұлы дала шежіресі» термешілердің республикалық байқауы өтті. Республикалық деңгейдегі өнер сайысына еліміздің барлық аймағынан, жалпы 40 өнерпаз қатысты.

268

 

Іс-шараның мақсаты – халық арасында жалпы ұлттық дәстүрлі өнерімізді насихаттай отырып, оңтүстік өңірінің дәстүрлі әндеріне ерекше көңіл бөлу, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.
Дәстүрлі ән орындаушылар және термешілердің байқауына 17-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Үміткерлер орындау шеберлігі, образ байлығы, сахна мәдениеті, киім үлгісі сияқты бірнеше критерий бойынша бағаланды.
Сонымен, дәстүрлі ән орындаушылар Бас жүлде, 1,2,3-орындармен қатар, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, терме сайысының жеңімпаздары да бас жүлде, 1,2,3-орындармен қатар Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Қайыпназар Әйтпенов атындағы номинацияларына ие болды.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздарды құттықтап, дәстүрлі өнеріміз төрге озғанын, өңіріміздің байырғы қоңыр саздары қайта жаңғырғанын атап өтті. Қазылар алқасының құрамында белгілі өнерпаздар Мейрамбек Беспаев, Жанар Айжанова, Кенжебай Шал, ақын Қалқаман Сарин және тағы басқалар әділ бағасын беріп, үздіктерді анықтады.
Сонымен, дәстүрлі ән орындаушылардың байқауында Алматы облысынан Ақжол Өсербай бас жүлдені иеленді.
Әйгерім Орынбасар (Астана қаласы) 1-ші орын, Ернұр Құралбайұлы (Шымкент) мен Лаула Берікқызы (Ақмола облысы) 2-ші орынды жеңіп алды. Ал Зүлфия Баймұрзаева (Қызылорда облысы), Жұлдызай Тұрғанбек (Түркістан облысы) және Әділет Тілеш (Атырау облысы) 3-ші орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ, бірқатар қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.