— Наурыз мерекесі қарсаңында – «Шаңырақ» күнінде некелесіп жатқанымызға қуаныштымыз.Отбасын құру өмірдегі маңызды қадамдардың бірі. Шаңырағымыз шаттыққа толып, дәстүрді жалғаған үлгілі отбасы боламыз деп сенемін. Отау құрған барша жұптарды құттықтап, бақыт тілеймін - деді Дінмұхаммед Айдарұлы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Айта кетейік, некелесу рәсімі «Amanat hub» креативті орталығында этностильде өтті. Іс-шара соңында жас жұбайлар ұлттық нақышта әсемделген фотоаймақта естелікке суретке түсті.
Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ