Шымкентте «Біз соққан достық үй» мультфильмінің тұсаукесері өтті

Понедельник, 01 Июнь 2015 08:47 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4842 раз
Бүгін Шымкент қаласында ОҚО әкімдігінің қолдауымен облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Біз соққан достық үй» 3D форматтағы анимациялық фильмнің тұсауы кесілді.
11393013 1402945616699714 4234346170861391379 nҰзақтығы 10 минуттық бұл туынды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай түсірілген. Аталған анимациялық мультфильмді бүгін «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали, «Жебе» кинокомпаниясының президенті Керімбек Ниязбаев және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов таныстырды.

‒ Отандық туынды халықаралық балаларды қорғау күніне орай жарыққа шығып, жергілікті телеарналардын көрсетілетін болады. Жаңа туынды «Балапан» және «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, сондай-ақ өңірдегі барлық телеарналар арқылы жас бүлдіршіндерге ұсынылмақ. Бірлік байрағын ту еткен елімізде жасөспірімдерді ұйымшылдыққа шақыратын бұл мультфильм балаларды Отанды сүюге, адамгершілік пен бауырмалдылыққа жетелейді, ‒ деді Б.Құрманғали.
11390234 890741704307436 3757617196226776143 nАнимациялық фильмде Қазақстандағы ұлттар бiрлiгi мен ынтымақтастығы көрсетіліп, жастар арасындағы достық қарым-қатынас, елiне, жерiне деген сүйіспеншілік балалардың соққан ортақ «достық үйі» арқылы білдіріледі.

‒ Балаларға арналған бұл мультфильмде кейіпкер ретінде қазақ қызы Айсұлу мен орыс қызы Марина, неміс баласы Герман, түрік қызы Ләйлә, украин баласы Микола мен тағы басқа балалар ойнайды.
Анимациялық мультфильмді алғаш қолға алып тапсырыс берген осы Оңтүстік Қазақстан облысы болатын, ‒ деді Керімбек Ниязбаев.
11058718 1402945693366373 5788067603387305413 nАталған туындының сценарийінің авторы және қоюшы режиссері К.Ниязбаев болса, өлеңге сөзін жазған Сарсенкүл Айтова, композиторы Дмитрий Андронов, қоюшы суретші Сәбит Серімбетов.  Жалпы, бұл мультфильмге бюджеттен 5 миллион теңге қаражат жұмсалған.

‒ Жасөспірімдерді игі қасиеттерге жетелейтін ұзақтығы 10 минуттық бұл туында кішкентай көрермендердің көңілінен шығады деген сенімдеміз, – дейді Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов.
 
«Шымкент келбеті»
Последнее изменение Понедельник, 01 Июнь 2015 09:02
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.