Шымкентте «Miss Shymkent-2017» атағы үшін 17 қыз қатысып өз бақтарын сынады. «Rixos Khadisha Shymkent»-те өткен байқауда «Miss Shymkent-2017» атағын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Айғаным Ниязбек иеленді.
Жеңіске жеткен А. Ниязбек келесі жылы көктемде Астанада өтетін «Miss Kazakhstan-2017» сайысында ОҚО атынан қатысатын болады. Айта кетсек, бұл сайысты танымал актер Тәуекел Мүсілім мен белгілі тележүргізуші Ирина Тен жүргізді.
«Miss Shymkent-2017» жеңімпазына өз қолымен тәжді тағуға Шымкентке арнайы «Miss Kazakhstan-2016» сайысының жеңімпазы Гүлбану Азимханова келді.