Шымкентте жаңа тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде. Айталық, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіруге байланысты тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 411 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 325 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 61 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. Қалған 67 көпқабатты тұрғын үй 1 және 2 қабатты үй болуына байланысты мүлік иелерінің бірлестігіне және жай серіктестікке тіркелуге жатпайды.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта салаға жауапты басшылар мәлімдеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев көппәтерлі тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

664

Музей – құндылықтың қайнар көзі

Четверг, 02 Декабрь 2021 03:55

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен бірге Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінің 20 жылдығы да қатар келіп тұр. Осыған орай музейде мерекелік жиын ұйымдастырылды.

653

Құрметті азаматтар – жаңа жинақта

Четверг, 02 Декабрь 2021 03:51

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» жинағының тұсаукесері өтті. Еңбек ардагері Шерім Медеуовпен бірге салтанатты іс-шарада жинақтың қызыл лентасын қиған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаһар басшысы атынан ардақты азаматтарды құттықтап, кітаптың келешек ұрпаққа мол мұра болып қалатынын сөз етті.

650

ЕҢБЕККЕ ҮЙРЕНЕМ ДЕСЕҢ, ЕРІНБЕ

Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:32

жастарды жұмыспен қамтуда үшжақты меморандум жасалды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастарды тұрақты жұмыспен қамтуда үшжақты меморандум жасалды. «Оңтүстік Қазақстан металлургиялық компаниясы», «Шымкент металлургиялық компаниясы – ШМК», «Қазақстан-Қытай марганецті индустриалды тобы», «Абайл өндіріс» кәсіп-орындарының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова және Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова өзара бірлескен меморандум құжатына қол қойды.

628

Абай ауданында бүгінгі таңға дейін әкімдіктің ұйымдастыруымен көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды. Көп қабатты 411 үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 пайызды құрап отыр.

632

Қалалық №1 балалар ауруханасында сколиоз ауруына шалдыққан 10 жасар қызға күрделі операция жасалды. Отаны жергілікті дәрігерлер «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен бірлесіп жасады. Мұндай ота Шымкентте тұңғыш рет іске асырылып отыр. Бұған дейін омыртқасы қисайған балалар күрделі ота үшін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жіберілетін.

608

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және  жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

413

Страница 10 из 27