ef0c2f49-9365-4718-8202-8348eb1d31e5

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады.

Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын.
Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының есімі берілген 1 аудан, 1 даңғыл, кітапхана, мұражай, саябақ бар.
Нақтырақ айтқанда, 2004 жылы «Шымкент қаласында аудандар құру туралы» Шымкент қалалық мәслихатының шешімі және әкімдік қаулысымен Абай ауданы құрылды. Ауданның аумағы 50 мың гектарға жуық. Бүгінде онда 323 мыңға жуық тұрғын қоныстанған.
Ал, ұзындығы 2 шақырымға созылатын даңғылға Абай есімі 1990 жылы берілді.
Сондай-ақ, 1964 жылы құрылған қалалық орталық кітапханаға 2005 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Абай есімі берілді.
Шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген қазіргі Абай саябағы - 1967 жылы «50 лет Октября» саябағы болып ашылған болатын. Ол 1991 жылы 23 мамырда данышпан ақын Абайдың есіміне өзгертілді. Онда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллея, Даңқ мемориалы, субұрқақ, шағын сәулет нысандары және мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған сахна бар.
Сонымен қатар, 2009 жылдың 22 қыркүйегінде Абай саябағынан Хакім Абай мұражайы ашылды.

WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.45 1

Шымкентте тікұшақтар «вирус сеуіп жүр» деген ақпарат тарап, тұрғындар өз қауіпсіздігіне алаңдаулы. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мұның жалған ақпарат екенін хабарлайды.

Қалада түнгі және күндізгі уақыттарда аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл - Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті, делінген хабарламада.
Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары жұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден 1000 метрге дейінгі төмен және өте төмен биіктіктерде сүңгу және төбешіктер сияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда. Дәрістер барысында топтарға жинау, қайта құру және топтан тарау кезінде өзара әрекеттесуді жақсартады. Оқу-жаттығуда әуе ұрысын жүргізу жағдайында экипаждардың жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

 

WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.45 2WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.46


Айта кетейік, ұшу кезінде күрделі ұшу элементтері елдімекендердің үстінде немесе жақын аудандарда орындалмайды. Бұл ережелер қауіпсіздік шараларымен байланысты. Аталған оқу-жаттығулар жауынгерлік әзірлікті қолдауға, әскери авиация ұшқыштарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұшу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

43d382ed-2441-488e-a01d-0709ec302243

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте білім ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейіне барып, 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады.

Қалада жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемесі және 320 мыңға жуық білім алушымен басталғалы отыр.
Қала әкімінің айтуынша, биыл 13 мектеп (6 жаңа, 7 қосымша) және 2 өнер мектебінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 5 100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша)және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы аяқталады. Ал, 5 мектептің құрылысы (2 жаңа, 3 қосымша) 2021 жылы аяқталады.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.
– Биыл 1-сыныпқа 24 мыңнан астам бала келеді деп жоспарлануда. Білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалдануда. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 15 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде. 17 мектепке спорт алаңдары, 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылуда. Сондай-ақ, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында сатып алынатын 11-сынып оқулықтары мен қалған сыныптар үшін қосымша оқулықтардың 60 пайызы тасымалданды. 25 тамызға дейін жұмыс толығымен аяқталады.

Құрметті қала тұрғындары!!!

Вторник, 11 Август 2020 10:02

Мемлекеттік кірістер Комитеті жыл сайын «Чекті талап ет те - жүлде ұтып ал!» атты жалпыреспубликалық акциясын өткізеді.

«Wipon» мобильді қосымшасы арқылы Акцияға онлайн-БКМ фискальды чекті жөнелтіп жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 01 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет» Акциясы жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары!!!

Тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына және мемлекетіміздің әл-ауқатының артуына алып келеді.

 

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ТІЖ енгізудің артықшылықтары

Вторник, 11 Август 2020 10:00

tizh

2020 жылдың 1 қазанынан бастап ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет акцизделетін өнімдерге, ЭШФ жазып беру «Виртуалдық қойма» модулі арқылы жүзеге асырылатын тауарларға (335 тауар позициясы) және ЕАЭО импортына/экспортына қолданылады;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет Тауарларды алып қою тізбесі бойынша қалған тауарларға (3865 тауар позициясы) және таңбаланатын тауарларға қолданылады.

ТІЖ функционалына қатысты салық төлеушілер үшін мынадай тиімді жақтарын атап өтеміз.

ТІЖ нысаны акцизделетін тауарларға жазып берілетін қолданыстағы ілеспе жүкқұжаттарды, тауар-көлік жүкқұжаттарды және запастарды басқа жаққа шығаруға арналған жүкқұжаттарды біріктіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар әртүрлі ақпараттық жүйелерде жазып беріледі, бұл салық төлеушілерден құжаттарда қайталанатын ақпаратты қайта енгізуді талап етеді.

Оларды ТІЖ бір құжатына біріктіру ақпаратты қайта енгізуді және қолмен енгізу қателерін болдырмай, бір ақпараттық жүйеде жазып беруге мүмкіндік береді.

ТІЖ-ның тиісті бөлімдерінің деректері ЭШФ-ның тиісті бөлімдерін автоматты түрде толтыруы көзделген, бұл ЭШФ толтыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ТІЖ енгізу бизнес-үдерістердің жылдамдығын арттырады, себебі мәмілелердің барлық тараптарына ЭШФ-ны жазып беруді күтпестен, ТІЖ бойынша тауарды бірден одан әрі өткізуге мүмкіндік береді (ЭШФ тиеп жөнелтілген сәттен бастап 15 күн ішінде жазып берілуі мүмкін).

ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде ТІЖ қолдану салық төлеушілерге 328.00 СЕН алуды күтпестен, ТІЖ бойынша тауарды одан әрі өткізуге мүмкіндік береді.

API интерфейсі арқылы ЭШФ АЖ-нің ERP-жүйелермен интеграциялануы арқасында салық төлеушілер басқа ақпараттық жүйелерге кірмей-ақ өздерінің есепке алу жүйесінде ТІЖ жазып бере алады. Себебі API қызмет әмбебап интеграциялық ашық механизм болып табылады.

Электрондық ілеспе жүкқұжатты пайдалану салық төлеушілердің құжат айналымы шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ТІЖ енгізуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға дайын, салық төлеушілер өз ұсыныстарын «ТІЖ бойынша ұсыныстар» деген белгімен Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   электрондық мекенжайға жібере алады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Еңбекші ауданы бойынша    

МКБ-ң бас маманы В.Курамысова

Жемқорлыққа жол жоқ

Вторник, 11 Август 2020 09:58

Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы.

Жемқорлық дертіне қалай душар болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда жетерлік. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтануды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды.

Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа айналар еді.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның бас маманы

П.Аимбетова

Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.

Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады.

Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептен шығарудың басты шарты болып табылады. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.

2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды.

Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Өсімпұлды есептен шығару үшін борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша    

МКБ-ң бас маманы Б.Жүніс

 

Сыбайлас жемқорлықты жою

Вторник, 11 Август 2020 09:55

Сыбайлас - жемқорлық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай – ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін саралап, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның бөлім басшысы

Ахметбаев Ш

Страница 9 из 409