ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ
Пятница, 14 Июнь 2024 06:37Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды. Орталық Ж.Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова қатысты.
2024 жылдың 4 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті
Пятница, 14 Июнь 2024 06:202024 жылдың 4 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4% артық.
БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінен түсіп, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілік 2024 жылдың 4 айында 2,87% көрсетті. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптасқан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 1,76%.
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,70% мөлшерінде болған кезде 9,83% болды.
Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында экономиканың Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі түрлі секторларының әртүрлі қаржы құралдарына әртүрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру орнықты инвестициялық кірістілікті қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жинақтары - бұл ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жылда талдаған жөн. Мәселен, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 842,74% көрсетті. Бұл кезеңдегі инфляция - 780,79%. Осылайша, ұзақ мерзім ішінде жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын - БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
ЕСІРТКІ ТАРАТУДЫҢ ЖАЗАСЫ АУЫР
Пятница, 14 Июнь 2024 06:31Шымкентте аса ауыр санаттағы қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, сондай-ақ тонау, зорлау, бұзақылық және қорқытып алу бойынша ашылмай қалған қылмыс жоқ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде полиция департаменті бастығының орынбасары Арман
Бейсенбаев айтты.
АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АРТҚАН
Пятница, 14 Июнь 2024 06:28Шымкентте аутизммен ауыратын балалардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ғимаратында өткен «Психиатрия мен тәуелділіктің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық семинарда қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ережепов айтты.
«ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ»: ХАЛЫҚҚА ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?
Пятница, 14 Июнь 2024 06:27Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін трансформацияланған емханаларда ашылған «Үздік тәжірибелік орталық» – қазақстандық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің жаңа (бұдан әрі – МСАК) моделі.
Химия саласының келешегі зор
Пятница, 14 Июнь 2024 06:26Қазіргі таңда химияны таңғажайып өзгерулердің индустриясы деуге болады. Ол табиғатта болмайтын материалдарды синтездеу, яғни алу, өндіру, оларды әралуан машиналар мен құралдар жасауға қолданып, тұрғын үй салуға, халық тұтынатын бұйымдар өндіруге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚҚА ҚЫМБАТ ЕСІМ...
Пятница, 14 Июнь 2024 06:24Қазақ тарихы ұлы тұлғалардан, батыр ұлдардан кенде емес. Соның бірі де бірегейі – қазақтың ұлы даласына есімі аңыз боп тараған Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Биыл батырдың туғанына – 100 жыл. Осыған орай Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Қан майданда от кешкендер» тақырыбында ерлік кеші өтті.
«Мен Анамын, ақынмын, әлемді ойлар....»
Пятница, 14 Июнь 2024 06:23Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр. Осыған орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақынмен сыр-сұхбат өтті.