Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы түйткілді мәселенің бірі –соғыс тұтқындарының жайы. Біздің өңірде де жазатайым жау қолына түсіп, ғұмыр бойы азап шеккен азаматтар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылының тұрғыны, жауынгер Сейділда Көкенов. Ол 1915 жылы дүниеге келген. Бұрын сотты болмаған, шала сауатты, үйлі-баранды созақтық сарбаз 1940 жылдың азынаған ақпанында Қызыл әскер қатарына алынған.

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" әскери мектебінің құрылғанына – 40 жыл. Биыл мектепті 198 түлек бітірді. Осыған орай «Астана» алаңында түлектерге аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

JasUlan

Велоспортшылар жарап тұр

Среда, 19 Июнь 2024 06:35

Шымкент қаласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үш спорт бөлімі жұмыс істейді. Олар – жеңіл атлетика, велоспорт және өрт сөндіру-құтқару спорты.

велоспорт

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». 

      Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

22

2024 жылдың ақпан айының 24-25 күндері Алматы қаласында, еліміздің бетке ұстар оқу орны Абай атындағы атындағы ұлттық педагогикалық университеттің «Атамекен» пікірсайыс клубының ұйымдастырған «Atameken Cup XXI» республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

567865

 

Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасының иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімсіз ешкім де пайдалана алмайды.

 

Аманат арқалаған абзал жан

Суббота, 15 Июнь 2024 11:36

59ef0577-27f3-4d1e-b2ce-1293f3779c60

Ел қорғаған ерлер қатарында жүрген қаншама арнайы мамандардың ішінде жауынгер жанына шипа болып, оның дені сау сапқа тұруы жолында еңбек етіп жүрген әскери дәрігерлердің орны бір бөлек. Адам жанын ажалдан арашалаған бұл жандардың қызметтері қоғаммен қатар әскерде деқашанда жоғары құрметке ие. 

Сондай жандардың бірі Ұлттық ұланның  6698 әскери бөлімінде қызмет атқарып келеді. Ол - майор Жарасбаева Ләззәт Сейлханқызы. 

1f382280-f32d-43dd-94de-f16ad11b8d25Ләззәт Сейлханқызы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы Қожа тоғай ауданында дүниеге келді. Отбасындағы барлық балалар секілді Ләззәт та 11 сыныпты аяқтап, жоғары білім алуға Шымкент қаласына келеді. 2003 жылы Шымкент қаласындағы медициналық академияның 1 курсына қабылданады. 2010 жылы дәрігер мамандығымен аяқтап шығады. 

Бүгінде әскери бөлімдегі медицина қызметін басқарып отырған  майор Жарасбаева Ләззәт Сейілханқызының еңбек жолы сонау 2010 жылдарыеліміздің мұнайлы өлкесі Атырау өңірінде басталды. Қолына жаңа ғана дипломын алған жас дәрігер Ләззәтқа әскери салаға қызметке ұсыныс түскенде ойланбастан келісім берді. 

Әскеріміздегі ең басты күшіміз -жауынгерлеріміздің денсаулығына жауапты бұл жандар қызметті күн-түн демей атқарып келеді. Ләззәт әскер қатарына келген соң жас дәрігер, жас отбасы болса да, екі жақты міндетті атқаруға құлшына кірісті. Алғашында жедел мақсаттағы батальонның санитарлық нұсқаушысы лауазымына тағаындалған Ләззәт Сейлханқызы сол әскери бөлімде медициналық пункттің бастығы лауазымына дейінгі қызметтерді абыроймен атқарады. 2017 жылы қызмет бабымен Алматы қаласындағы 5571 әскери бөліміне ауысады. 2 жылдан кейін ғана 2019 жылы туған жерге оралу бақыты бұйырып, шырайлы Шымкентте орналасқан 6698 әскери бөліміне келеді. 25 жылға жуық тәжірибесі бар білікті әскери дәрігер майор Жарасбаева Ләззәт Сейлханқызы:

«Денесі шымыр, қарны тоқ сарбаз – дені сау, қызметке дайын сарбаз. Бұл  жауынгерлік әзірліктің де жоғары деңгейде болуына басты себеп.  Сондықтан олардың қажетті мөлшерде, әрі құнарлы тамақ жеулерін қадағалау, жыл мезгілдерімен қатар жүретін әртүрлі вирустық аурулардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу маңызды. Біздің басты міндетіміз ата-анасы аманат етіп тапсырған жас жауынгердің денсаулығын сақтау», - дейді.

Ләззәт әскери қызметте әскери дәрігер ғана емес, қаруды да қалт жібермей ататын мерген. Бөлім басқармасының әскери қызметшілері арасында білімі мен беделі биік офицер. Кез-келген оқу-тактикалық жаттығуларда алдына жан салмайтын бес аспап маман. Тәжірибелік біліктілігін үнемі шыңдаудан шаршамайтын әскери дәрігер, жылына 2 рет жасақталатын оқу пунктінде жас жауынгерлердің әскери қызметке бейімделіп кетуіне барын салып қызмет етіп келеді. 

Отбасында ата-анаға да қамқорлығы мен мейірімін төгетін ақылды келін, адал жар. «Мен үшін отбасындағы татулық пен береке бәрінен қымбат. Туған өлкемізге оралғалы жолдасымныңата-анасымен бірге шаңырақта тұрып келеміз. Ол кісілерге үлкен алғысымды айтып жүремін. Мен қызметтен шаршап, қиналған кезде демеу болып, ұл-қызыма тәлімді тәрбие беріп келеді. Қызметтен қалт еткен демалыста олардың көңілін аулап, келіндік міндетімді атқаруға тырысамын. Жақсы келін, білікті маман, білімді офицер болуыма қолдау көрсеткен осы жандар болатын»,- дейді Ләззәт ханым.

Елімізде маусым айының екінші демалысында тойланатын дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында бұл абзал жандарды біз де мерекемен құттықтаймыз!

капитан Шынжігітова Малика

6698 әскери бөлімі

Страница 85 из 923