Ормандағы оқиға немесе махаббатқа сатқындық
Пятница, 14 Июнь 2024 06:21Тау бөктеріндегі табиғат-Ана салған аралда үш тағдыр мен табиғат иелері арасындағы тартыста таразы басына азғындық пен махаббат тасы салынады. Қай тас басым түспек?..
Зейнетақы қызметтері – сандық форматта
Пятница, 14 Июнь 2024 06:2001.01.2024ж. бастап 30.04.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 21,5 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 7,9 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,0 млн жуық қызмет автоматты түрде, ал 0,2 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 399 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 381 мыңға жуық қызмет ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ төлемдердің түрлеріне қатысты қызметтерді барлық форматта, соның ішінде электронды және күндізгі бөлімде көрсетеді. Есепті кезеңде автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны едәуір өсті, ең алдымен – нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу. Бұл өсім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) енгізуге, сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымын кеңейтуге байланысты болды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі. Айта кету керек, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр.
2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 4,0 млн асты.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу - әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 9,0 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 7,1 млн үзінді көшірме электронды түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 78%) және 1,7 млн астамы автоматты режимде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 19%) рәсімделген.
БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2024 жылғы қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 81,9 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 73,0 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңестер ала алады.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 12,8 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 282,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 13,3 мың материал орналастырылды.
Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 238,9 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қор сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Сапасыз өнім немесе қызмет үшін ақшаны қалай қайтаруға болады
Пятница, 14 Июнь 2024 05:03Әр адам априори тауарлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табылады. Өмірінің ішінде ол көптеген сатып алулар жасайды, және көбінесе олардың бәрі әрдайым сәтті бола бермейді. Біреу сатушыға батыл барып, сапасыз өнімді сатып алған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді талап етеді. Ал кейбіреулері жай араласпағанды жөн көреді, өйткені олар көбінесе өз құқықтарын білмейді.
Әдетте, дүкендер мен супермаркеттерде олар ақаулы тауарларды оңай ауыстырады немесе ақшасын қайтарады: жыртылған сүт қорабы, сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер және т.б. Олар киім-кешектер немесе аяқ киімдер сіздің талғамыңыз бен стиліңізге сәйкес келмесе, ақшасын толық қайтарып береді. Мұндай жағдайда ең маңыздысы - Сізде тауардық немесе фискалды түбіртек болу қажет және қайтаруды 14 күннен кешіктірмеу керек.
Қазақстандық заңнамаға сәйкес, азаматтар тауарларға ақшаны қайтаруға немесе өнім тиісті сапада болса да айырбастауға құқылы. Әдетте, бұл азық-түлік емес өнімдерде болады, егер сізге түсі, өлшемі немесе стилі сәйкес келмесе. Сонымен қатар, сатып алынған өнімді пайдалануға үлгермегеніңіз және сатып алу фактісі бойынша құжаттарды сақтағаныңыз маңызды болып табылады. Бұл ереже дәрі-дәрмектерге, шұлықтарға, іш киімдерге, метрлік тауарларға, өсімдіктер мен жануарларға, ұялы байланыс абоненттік құрылғыларына қолданылмайды.
Егер сатушыда (өндірушіде) сұраныс ұсынылған кезде ауыстыру үшін қажетті тауарлар болмаса, ауыстыру осындай талап туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуі керек.
Сараптаманың егжей-тегжейіне жеке тоқталған жөн. Қайтарылған тауарлардың сапасын қосымша тексерудің құнын сатушы төлейді. Егер тауарларға осындай сараптама жүргізу нәтижесінде тауарларда ақаулар жоқ екендігі немесе тұтынушыға тауарларды бергеннен кейін пайдаланудың, сақтаудың немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің немесе форс-мажорлық жағдайлардың белгіленген ережелерін бұзу салдарынан туындағаны анықталса, тұтынушы сатушыға сараптама жүргізу шығындарын, сондай-ақ оны өткізуге байланысты шығындарды,жүк тасымалдау шығындарын өтеуге міндетті.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Нұрғали
Электрондық сауда алаңының міндеттері
Пятница, 14 Июнь 2024 05:03«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 33-1-бабына сәйкес тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында электрондық сауда алаңы заңсыз сауданы болғызбау үшін сатушылардың жөнсіз әрекеттеріне және олардың анық емес ақпарат ұсынуына жол бермеу жөніндегі ішкі рәсімдердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, электрондық сауда алаңын пайдаланатын, электрондық сауданы және электрондық сауда алаңының жұмысын қамтамасыз ететін және қолдап отыратын бағдарламалық қамтылым, техникалық кешендер қорғалған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы Д.Сейтаев
Сатушы (орындаушы) наразылықты алған соң жауап бермеді, бұл жағдайда не істеу керек?
Пятница, 14 Июнь 2024 04:56Наразылықты табыстағаннан кейін адресаттың жауабын күту керек.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжаттамамен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. Бұл құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға берген жауабына қоса берілуі тиіс.
Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы поштаға тапсырылса немесе мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін басқа байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді.
Егер күнтізбелік он күн ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы - ескертуге әкеп соғады.
ҚР ӘҚБтК – нің 190 – бабының бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға-он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы Д.Сейтаев
Сатушыға (орындаушыға) қойылатын негізгі талаптар
Пятница, 14 Июнь 2024 04:50Сатушыға (орындаушыға) қойылатын талаптарға ерекше назар аудару керек, өйткені шағымды қанағаттандыру нәтижесі олардың дұрыс тұжырымдалуына байланысты. Қойылатын талаптар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңда көзделуге тиіс.
Егер шағымның себебі тауарда табылған кемшілік болса, онда оны сатып алушы:
• оны ұқсас тауарға айырбастауды;
• қымбатырақ тауар үшін қосымша ақы төлеу немесе арзанырақ тауардың айырмашылығын алу арқылы басқасына ауыстыруды;
• сатып алынған тауарға жеңілдік жасауды;
• жөндеуді немесе жөндеуге кеткен сомманы төлеуді;
• тауарды қайтарып, оған төленген ақшаны қайтаруын талап етіңіз.
Егер шағым нашар орындалған қызметке (жұмысқа) байланысты жазылса, онда тапсырыс беруші талап ете алады:
• кемшіліктерді түзетуді;
• жеңілдік жасауын;
• жұмысты қайта орындауын;
• басқа ұйым жүргізген жөндеу жұмыстарына ақы төлеуді талап ете аласыз.
Соңында шағымға қандай құжаттардың көшірмелері қоса берілетінін көрсету қажет. Бұл кассалық немесе тауарлық чек, келісімшарт, кепілдік талоны, кепілдік шеберханасының немесе қызмет көрсету орталығының актісі, тәуелсіз сараптама қорытындысы болуы мүмкін.
Құжат екі данада жазылуы керек.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы Н.Қалмырза
Сатушыға (орындаушыға) наразылық хатты қалай жазамыз
Пятница, 14 Июнь 2024 04:50Наразылықта міндетті түрде көрсету керек:
• сатушының (орындаушының) атауы;
• өтініш берушінің (тұтынушының) байланыс деректері;
• сатып алынған тауар (қызмет) туралы ақпарат;
• өнімге (қызметке) шағымның мәні;
• қойылатын талаптар;
• қоса берілген құжаттардың тізбесі;
• күні және қолы.
Егер жолданым иесі ұйым болып табылса, оның атауы көрсетіледі, егер жеке кәсіпкер болса, оның тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Сатушы (орындаушы) тұтынушының наразылығына жауап беру үшін өтініш беруші (тұтынушы) туралы мәліметтерде тегі, аты және әкесінің атынан басқа байланыс телефонын, сондай-ақ мекенжайын (пошта немесе электрондық) көрсету қажет.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Нұрғали
Жаңа туған нәрестеге төлқұжатты қалай алуға болады?
Среда, 12 Июнь 2024 07:49Маусым, шілде айлары - демалыс үшін ең қолайлы айлар және көптеген отбасылар балаларымен бірге саяхаттауды жөн көреді. Дегенмен сапарға шығар алдында ескеретін бірнеше маңызды ақпарат бар. «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері саяхаттау үшін балаларға төлқұжатты ХҚКО арқылы қалай рәсімдеп, жылдам алуға болатыны жайлы айтып берді.