ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 01.04.2024 жылғы жағдай бойынша шолу
Среда, 22 Май 2024 06:27"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың алғашқы 3 айындағы таза инвестициялық кірісі шамамен 569,5 млрд теңге болды
Среда, 22 Май 2024 06:25БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3% артық.
Зейнетақыны неліктен уақытылы ресімдеу керек?
Среда, 22 Май 2024 06:24«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) Қорда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқықтары бар екенін еске салады.
2024 жылдың 1 тоқсанында « БЖЗҚ» АҚ көрсеткен қызметтер саны 18 миллионнан асты
Среда, 22 Май 2024 06:2301.01.2024ж. мен 31.03.2024ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 18,7 млн. астам қызмет көрсетті. Жүргізілген операциялардың ішінде 6,1 млн.астам қызмет электрондық форматта, ал автоматты түрде – 12,1 млн. қызмет, қашықтан 180 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, жүзбе-жүз 296 мыңнан астам қызмет ұсынылды. Оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде 279 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді
Среда, 22 Май 2024 06:222024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,9 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 01.04.2024 жылға дейін олардың өсімі шамамен 1,02 трлн теңге (5,7%) болды. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,5 трлн теңгеге немесе 22,6% өсті.
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Среда, 22 Май 2024 06:20- 1.Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын кім толық көлемде, ал кім ішінара пайдалануға құқылы? Ол үшін не істеу қажет?
Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнет жасына толғанға дейін (жеке табыс салығын шегергенде) толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға (өзі, пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы) БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
Среда, 22 Май 2024 05:56Бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы КГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.
Электр жарақаты
Среда, 22 Май 2024 05:30Электр жарақаты өндірістік, тұрмыстық немесе табиғи электр тогының әсерінен пайда болатын тіндер мен мүшелердің тұтастығына, функцияларына зақым келтіруді білдіреді. Электр жарақаттарының әртүрлі түрлері денеге әртүрлі әсер етеді, соның нәтижесінде күйіп қалу, қанның физикалық және химиялық құрамының бұзылуы, тіндердің жыртылуы, сынықтар, дислокациялар және ішкі биоэлектрлік процестердің бұзылуы мүмкін. Мұндай жарақаттар көбінесе өлімге әкеледі.