ӘДЕП НОРМАСЫН САҚТАУ – МАҢЫЗДЫ ІС
Среда, 29 Май 2024 10:31Әдептілік – адам бойындағы жағымдық қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, елге қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Жемқорлық індет-жою міндет
Среда, 29 Май 2024 10:31Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
БАСПАНА: ҚАЙ БАҒДАРЛАМА ТИІМДІ?
Среда, 29 Май 2024 05:50Баспаналы болуға ниеттеніп жүрген жандар үшін қуанышты жаңалық. Елімізде «Наурыз» және «Отау» атты жаңа тұрғын үй бағдарламалары іске қосылып, халық өтініштерін жолдап үлгерді. Жаңа бағдарламаға барлық қазақстандықтың қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде «Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары» тақырыбында өткен көшпелі баспасөз конференциясында айтылды.
МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫМЕН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ
Среда, 29 Май 2024 05:48Дизайнер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін тігудің қыр-сырын үйретуде. Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін тігуді меңгерген Жаннұр жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өтіп, былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.
«ТАЗАЛЫҚ ҚАНА ЕМЕС, ТӘРТІП САҚТАУ ДА МАҢЫЗДЫ»
Среда, 29 Май 2024 05:47Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселесін қарады.
ШЫМКЕНТКЕ 20 ГРАНТ БӨЛІНДІ
Среда, 29 Май 2024 05:45Zhas Project – жастардың бастамалары мен идеяларын қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Жеңімпаздарға мемлекеттік грант, яғни қаржылай сыйақы беріледі. Бұл жоба 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақстанның 20 аймағында басталған. Шымкент қаласында бұл жобаны «Қорған-М» ҚБ жүзеге асыруда.
45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
Среда, 29 Май 2024 05:44Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановтың БАҚ өкілдерімен кезекті брифингі өтті. Брифинг барысында аудан басшысы 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қалаға жанашырлықты нақты іспен көрсетті
Среда, 29 Май 2024 05:40Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындардың бойында қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру. Бұл жолы да акцияға қатысушылар арық-атыздарды тазалау, шөп шабу, ағаш бұтау секілді дала жұмыстарын атқарды. Тазалық шарасы Шымкенттің барлық аудандарында өтті.