Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуы тәрбиеден бастау алады. Ал, тәрбие – жеке тұлғаның санасына, адами қасиеттердің қалыптасуына әсер ететін құрал.

Сөзі сара, жолы дара Хан-апа

Пятница, 31 Май 2024 05:32

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде а халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызының «Сөзі сара, жолы дара Хан-апа» атты рухани кеші өтті.

Xan

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталып, олардың жетекшілеріне құрмет көрсетілді. «Аuezov university»: Білім көшбасшылары - 2024» атты жеңімпаздар үшін арнайы ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада республикалық додаларда топ жарған оқу ордасының 100-ге жуық студенті алғыс хатпен марапатталды.

Auezov

ЕРТЕГІ. ҒАЖАЙЫП КҮЙ ШЕРТЕДІ

Пятница, 31 Май 2024 05:29

Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі «Ертегімен есейемін... » жобасын қолға алған. Аталмыш жоба аясында «Аруна» бөбекжай-бақшасы «Ботақан» тобының бүлдіршіндерімен «Ертегі ғажайып сыр шертеді» атты ертеңгілік өтті.

Ertegi

Бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы КГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.

 

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру үшін өңдеу секторының негізгі ірі жобаларының тізбесін айқындады.

Оған металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және басқа да салалардың 17 жобасы кірді. Олар өндірістік салалардың және экономиканың дамуына ықпал ететін болады. Әрбір жоба бойынша тиісті іске асыру жоспары қабылданды.

«Жалпы өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер айқын. Біз шикізатты емес, жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалады, экономиканың күрделілігі өседі. Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса, салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам», – деп атап өтті Премьер-Министр.

Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын іске қосып, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Өндірістің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені, экспорт – 600 млрд теңгені, импортты алмастыру – 1 трлн теңгені құрайды.

«Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жобаларды уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек. Бұл үшін арнайы Инвестициялық штаб жұмыс істейді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-Министр отандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттеді тапсырды. Бүгінде түсті металдарды қайта өңдеу саласында бұл механизм оң нәтиже көрсетіп отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтауы қажет.

«Самұрық-Қазына» холдингі мен өңір әкімдіктеріне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейту тапсырылды.

primeminister.kz

Тіл – халықпен бірге өсетін, не өшетін асыл қазына. Тіл болмай, ешқандай ғылым ғаламда кең өріс ала алмайды, тамырын тереңге жая алмайды. Қандай да тіл болмасын, өзінің қолданылу аясымен, көркемділігімен ерекшеленеді. Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

 

Жеке және заңды тұлғалар назарына!

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік обьектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін сақтау және ҚР 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 12- бабына сәйкес, тұқымдық және отырғызу материалдарын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мақсатында, Шымкент қаласының аумағында республикалық «КӨШЕТ» акциясы жарияланды.

 

Страница 97 из 923