Майдангерлерге мың тағзым!
Пятница, 10 Май 2024 05:38Қан майданнан аман келген жауынгерлердің бүгінде қатары сиреп, көзі тірілері Ұлы Жеңістің 79-шы көктемін қарсы алып отыр. Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының екі ардагері ғана қалған.
ЕНДІ СОҒЫС БОЛМАСЫН!
Пятница, 10 Май 2024 05:37Өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі – Ұлы Жеңіске 79 жыл. Бұл күні – сұрапыл жылдары майданда кеуделерін от пен оққа тосып, ортақ Отанымызды қорғаған ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп, еске алу күні.
АЛПЫС ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АЛТЫН ҰЯ
Пятница, 10 Май 2024 05:36Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
35 мың орынды стадион салынады
Пятница, 10 Май 2024 05:34Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына биыл 25 млрд теңге, ал былтыр 27 млрд теңге бөлінген. Республика бойынша шекті лимит көлемі 15 млрд теңгеден аспауы тиіс. Дегенмен қала әкімінің қолдауымен қаржыландыру 2 есеге ұлғайған. Бұл туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек МЫҚТЫБЕКОВ кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
12 024 БАЛА СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫП ЖҮР
Пятница, 10 Май 2024 05:32Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады. Бұл жоспар жүзеге асса, Шымкентте Паралимпиада ойындарын ұйымдастыруға мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Басқарма басшысы салада жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті.
Оңалту орталықтарының орны бөлек
Пятница, 10 Май 2024 05:30Елімізде неврологиялық қалыпсыздығы бар балаларға қамқорлыққа көп көңіл бөлінетіні белгілі. Мақсат – қоғамның оларға деген көзқарасын өзгерту, оларды ортаға бейімдеу, дағды-машықтарын қалыптастыру, өзіне деген сенімін арттырып, тиісті білім мен тәрбие алуына жағдай жасау, мүмкіндігінше мамандық меңгертіп, өмірден өз орнын табуына көмектесу. Мұндай балаларға арнайы педагогтардың, психологтардың, дефектологтардың, тағы басқа да мамандардың көмегі қажет. Осы орайда оларға көмек қолын ұсынатын арнайы орталықтар бар.
ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ
Пятница, 10 Май 2024 05:29«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Шымкент қаласындағы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қатысуымен тегін кеңес беру акциясы өтті.
ЖУРНАЛИСТ БОЛУ – АРМАНЫМ
Пятница, 10 Май 2024 05:28Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағыңа бағдар болады. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан түрлі кәсіп пен мамандық бар. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Мен әр адам болашақ мамандығын өз бейіміне қарап, жүрек қалауымен таңдауы керек деп ойлаймын.