Үздiк суретшi

Среда, 30 Декабрь 2015 05:37 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5799 раз

Батухан Байменнің шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінде көрнекті орын алатын графикалық туындылардан құралады. Батухан Баймен шығармашылық жұмыстармен қатар облыс, қала, аудан көлеміндегі көптеген қоғамдық жұмыстар атқарған маман. Ол жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жыл үздігі» номинациясы бойынша «Жылдың үздік суретшісі» атанды.

batuhan baimen1985 жылы КСРО Жас суретшілер одағының мүшесіне өткен, 1989 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесіне қабылданған. 2004 жылы Берлинде, 2005 жылы Стамбул қаласында жеке көрмелері болған. 2014 жылы Алматы қаласы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Батухан Байменнің «Тұңғиық» атты жеке шығармашылық көрмесі болды. Көрме Республика көлемінде үлкен оқиға ретінде аталынып өтілді. Суретшінің танымал еңбектері Қырғызстан, Қазақстан өнер мұражайларында сақталған.
2015 жылы қыркүйек айында Шымкент қаласы өнер мұражайында, желтоқсанда Түркістан қаласындағы Қолөнер орталығындағы көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Батухан Байменнің жеке шығармашылық көрмесі болды. 2011 жылы ҚР «Мәдениет Қайраткері», 2015 жылы ҚР Суретшілер одағының Ә. Қастеев атындағы «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медалімен марапатталған.
1994 жылы «Абай: өмір, уақыт, өнер» атты ЮНЕСКО көмегі арқылы баспадан басылып шыққан альбомда Батухан Байменнің «Абай өлеңдеріне» арналған графикалық топтамалары жарық көрді. 2013 жылы Мәскеу қаласындағы «Галарт» баспаханасынан шыққан КСРО Суретшілер одағы халықаралық конфедерациясы атқару комитеті шығарған «Қазақстан бейнелеу өнері» альбомына және «Елнұр» media орталығында Қазақстан Суретшілер одағының 80 жылдығына арналған 5 томдық «Қазақ өнері» атты альбомында Батухан Байменнің графикалық туындылары басылған.
Өнер шебері Батухан Байменнің шығармаларының тұрғылықты тақырыбы - қазақ елінің өткені, бүгіні мен болашағы. Суретшінің «Ауылым алтын бесігім» атты топтамасы «Кешкі Көкбұлақ», «Басталар күннің шуағы», «Қонақ келді», «Еске алатын күн», «Бұлақ», «Ерте көктем», «Мереке бастауы», «Оралу» графикаларында ауыл өмірі, табиғат, салт-дәстүр және жастық шақ өмірінен алынған шағын сахналы көріністерді композиция талабына сай шеберлікпен үйлестіре білген.

 batuhan baimen-1  batuhan baimen-2  batuhan baimen-3
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.