«Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйренейік!

Среда, 07 Сентябрь 2016 05:55 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6066 раз

Ағылшын тілі барлық жерде қажет: жұмыста да, демалыста да. Венада не Мюнхенде, Гаванада не Шанхайда жүрсеңіз, ағылшын тілін меңгеру мейрамханада, қонақүйде, мұражайда немесе қала орталығындағы серуенде сізге зор қызмет көрсетеді. Бүкіл әлемнің әуежайларындағы хабарландырулар, картадағы, жол бойындағы бағыт сілтеу белгілері – көптеген елдерде ағылшын тілінде жазылады. Ағылшын тілін меңгерген әр адам әлемнің кез келген түкпірінде жол таба алады.
Егер сіз тіл біліміңізді арттырғыңыз келсе, «Шымкент келбетімен» бірге бастаңыз. Бүгіннен бастап біз газет бетінде «Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйренейік» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Онда сіздерді біздің қаламен байланысты жағдайлардың жөн-жосығымен таныстырамыз. Қаланың көрікті жерлері ретінде ең әуелі Шымкенттің белгілі саябақтары мен гүл бақтарын таңдадық. Шет тілін үйретуші-ұстаз – Меруерт Бимұрзаева. 
Сонымен, қала көшелерінде сізге шетелдік саяхатшы келіп ағылшын тілінде сұрақ қойса, абдырап қалмаңыз.

Кездесу орны – саябақ

englandАғылшын тілінде:
– Good afternoon, I'm for the first time in Shymkent. Tell me, how do I get to the Independence Park?
Қазақша аудармасы:
– Қайырлы күн, бұл менің Шымкентке алғаш рет келуім. «Тәуелсіздік» саябағына қалай жетіп алуға болатынын айтып жіберіңізші?

– You can take the bus №№27 and 84. You need to get to Ordabasy Square. There you will see a bridge. Up on it - there is a park in front of you.
– Сіз №27, 84-ші бағытта жүретін автобустармен бара аласыз. «Ордабасы» алаңына дейін барсаңыз сол жақта үлкен көпірді көресіз. Сол көпірмен жоғарыға шықсаңыз – бірден саябаққа кіресіз.

– And what interesting things can be seen in the park?
– Ол саябақтан қандай қызықтарды тамашалауға болады?

– The park was opened in 2011, by the Head of the State Nursultan Nazarbayev. There is a square of state symbols , a monument to the unity of the people of Kazakhstan, as well as the singing fountain.
– Саябақ 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Онда Мемлекеттігіміздің нышандар алаңы, «Қазақстан халқының бірлігі» монументі, сондай-ақ, әуенді субұрқақ орналасқан.

– What does the monument symbolize you are mentioning about?
– Сіз айтып тұрған монументі нені бейнелейді?

– It is made of 137 metal elements that symbolize 137 nationalities living in Kazakhstan in peace and harmony.
– Ондағы 137 металдан жасалған тіреу Қазақстанда өмір сүретін 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бітімгершілікте өмір сүріп жатқанын білдіреді.

– Very interesting! Thanks for the information.
– Өте қызық! Мәліметіңіз үшін рахмет.

– Have a nice tour in our city!
– Біздің қаладағы саяхатыңызды жақсы өткізіңіз!

Последнее изменение Среда, 07 Сентябрь 2016 06:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.