КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАР САНЫ АРТЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДАРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Избранное

Среда, 01 Июль 2020 04:38 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 352 раз

3

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаламыздағы жеңіл атлетика спорт кешенінен қосымша 450 орындық күндізгі стационар дайындалуда.

Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұнда 450 кереует орналастырылды. Оның 350-і
ОҚМПУ жатақханасынан жеткізілсе, 100 кереует демеушілер есебінен алынды. Бүгінде дәнеркелеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. 1- шілдеге дейін 450 орын толығымен дайын болады.
Сонымен қатар, қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға жеті тоңазытқыш жеткізілді. Мамандардың айтуынша, күндізгі стационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмысты үйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады.
Айта кету керек, бұл стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазіргі таңда қалада жұқпалы ауруларды қабылдайтын 2870 төсек-орын бар. Оның ішінде 2220 орын – провизорлы, 650 орын жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған. Бүгінде 447 орын бос. Маусым айында ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандар саны 6 есеге көбейген.
Осыған орай, Самал-3 шағын ауданындағы жаңа мектептен - 400 орындық, политехникалық колледжінен - 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлы орындар ашылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.