ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҚҰРАЛЫ
Среда, 10 Август 2022 06:44Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы Шымкентте өтті. Алқалы жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Элвира Азимова, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және кәсіпқой емес медиаторлар, сарапшылар қатысты.
БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА
Среда, 10 Август 2022 06:36Шымкентте мониторинг тобы азық-түлік бағасын бақылауға кезекті рет шықты. AMANAT партиясының қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы топ үшінші мегаполистегі «Айна» базары және Ж.Шаяхметов көшесінде орналасқан Magnum сауда орнында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Топтың құрамында партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, атқарушы хатшының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қалалық мәслихат депутаттары Байкен Әшірбаев пен Сұлтанғали Қуандық және БАҚ өкілдері болды.
I-SHYMKENT 109 – ЖЕДЕЛ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Среда, 10 Август 2022 06:13Шымкент тұрғындары коммуналды саладан бастап қоғамдық көлік, инфрақұрылым және басқа да проблемалар бойынша хабарласатын ситуациялық орталық барына үйренген.
І-Shymkent 109 орталығы арыз-шағымдарды түрлі байланыс жолдарымен қабылдап, тиісті органдар мен жауапты мамандарға жеткізеді. Шешімін арызданушыға хабарлайды.
БИЫЛҒЫ МЕЖЕ – 1 МЛН 60 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР
Понедельник, 04 Июль 2022 04:53Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде түрлі басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдалып, оған қоса, кеңестің келесі тоқсанындағы төрағасы сайланды.
Түтін шыққан үй жылы
Понедельник, 04 Июль 2022 04:49«Бақытты отбасы» бағдарламасымен Шымкентке 449 отбасыға лимит бөлінді
Елімізде «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер otbasybank.kz сайтында 20 маусым мен 19 шілде аралығында (қоса алғанда) қабылданады. Ол үшін «Отбасы банкінің» клиенті болу керек және қолыңызда смс-хабарлама келетін телефон болса, жеткілікті. Қосымша құжаттар мен анықтамалар қажет емес. Банк жүйесі мәліметтерді автоматты түрде тексереді.
БАС ЖОСПАР – МЕГАПОЛИСТІҢ ДАМУ ҚҰЖАТЫ
Среда, 29 Июнь 2022 04:46Қазақстандағы аумағы ең үлкен қаланың жаңа даму құжаты талқылануда
Жаңа бас жоспар 2025 жылдан бастап 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Маңызды құжат Шымкент тарихында алғаш рет бір ай бойы көпшілік талқылауына ұсынылып отыр. Мамандардың айтуынша, өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында таныстырылған бас жоспармен күніне 60-70 адам келіп, танысуда. Бес күнде 30 тұрғын жазбаша ұсыныс қалдырған. Ол талап-тілектерді мамандар қарап, заңнамаға сәйкес келетіні ескерілетін болады.
«ЖАСЫЛ ЕЛДІҢ» ЖАҢА МАУСЫМЫ
Среда, 29 Июнь 2022 04:45Үшінші мегаполисте «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті. Абай саябағында өткен іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері, белсенді жастар қатысты.
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Среда, 29 Июнь 2022 04:42Шымкентте масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде.