Айта өтейік, аумақты электр қуатымен қамту мақсатында мердігер «Туран Энерго групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал «Энерго ресурс Шымкентгаз» ЖШС газ құбырларын тартумен айналысуда. Екі нысанның да құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, абоненттеу жүргізіледі.
Көшелерді асфальттау 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір мұнда 22 көше бар. Төртеуіне – асфальт, 15 жолға тас төселген, қалған 3-і топырақ жол.
Шағынаудан балалары 1 мектеп, 3 балабақшада білім алады. Батыс бөлігіне 900 орынды мектеп салу үшін 2,46 га жер телімінің құжаты рәсімделіп, қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. 1 спорт алаңшасы ел иігілігіне былтыр берілген.
Кездесу барысында шешімін тапқан мәселелер үшін алғысын білдірген тұрғындар, қала әкіміне арыз-шағымдарын да жеткізді.
– Бұрын ауыл белсендісі ретінде тұрғындардың мұқтажын жеткізу үшін бармаған жеріміз қалмайтын. Нәтижесін де көрмедік. 2020 жылдан бері өзіңізбен жиі кездесіп, өтініштеріміз орындалып жатыр, енді жолымыз асфальтталып, сапалы электр энергиясын тұтынатын күн де алыс емес деп ойлаймын, – деді ауыл биі
Ә.Балғабайұлы.
Қала әкімі мәселелердің таяу арада оң шешімін табуы үшін арнайы хаттама толтыртып, сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.