Жалпы саны 18 жылу қазандығы жылыту маусымына түгел дайын және қаламызда көмір қоры жеткілікті. Басқарма басшысы инфрақұрылымдық жүйелер дайындығын, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары және де «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын жеткізді.
Сала мамандары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық жұмыстарын тексеру барысында атап айтқанда, Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағынауданындағы екі тұрғын үйде;
Әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінде бір және Түркістан көшесінде де бір тұрғын үйде дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмегені анықталғанын атап өтті.
Жиын соңында қала әкімі, сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктер бойынша және жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау бойынша комиссиялық топ құруды, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысына тапсырды.