ЕРЕКШЕ ЖАСТАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ Избранное

Пятница, 21 Октябрь 2022 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1098 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары экскурсияға шықты. Оларды қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандарымен таныстырып, арнайы қызметтер ұсынылды. Іс-шараға 30-ға жуық ерекше жас тартылды.

617

 

— Шымкент қаласынын көрікті жеріне барған балалар өте қуанышты. Бүгінгі саяхат оқушылар үшін өте пайдалы болды деп ойлаймын. Еліміздің тарихымен танысып, білімін арттырды. Іс-шараны ұйымдастырған ұжымға алғысым шексіз, – деді есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Нұрлыбайқызы.
Аталмыш бағдарламаға сәйкес жастар Шымкент Ескі қалашығын (Цитадель), «ShymQala» этно ауылына, Тарихи-өлкетану мұражайы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы және Бәйдібек би этносаябағын аралап, арнайы гидтердің бөліскен тарихи ақпараттарын тыңдап, қаламыздың көрікті орындарын тамашалады.
Айта кетейік, 20-25 қазан күндері мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешені аясында мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша оқыту курсы ұйымдастырылады. Курсқа 100-ге жуық жас қатысады деп жоспарланып отыр.

А.МАРАЛБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.