«BALASHYM-да» ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР

Пятница, 02 Июнь 2023 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 573 раз

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтті.

213

 

Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады.
–Бүгінгі фестивалге 530-дан аса бала қатысып отыр. Бұл балалар – мемлекеттен жан басына қаржаландыратын бағдарлама аясында қосымша білім беру мекемелерінің үйірмелерінде шыңдалып жүрген оқушылар. Сонымен қатар
қаладағы театрлар мен мәдениет мекемелері де өз сахналық нөмірлерін дайындап, көрермен назарына ұсынуда. Мұндай іс-шаралар балалардың белсенді, көшбасшы болуына септігін тигізеді, өнерге, шығармашылыққа баулиды. Балалар–біздің болашағымыз, оларды дұрыс жолға бағыттау – әрбірімізге парыз. Сондықтан да мәдени іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі мереке балаларға керемет көңіл-күй сыйлап жатыр деп ойлаймын, – деді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.
Мереке Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры әзірлеген «Қуыршақтар шеруімен», Шымкент қалалық зообағында жалғасын тапты.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.