Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары көптен бері жол мәселесін көтеріп келген-ді. Қызылсайлықтардың өтініші қала әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде.
Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Құрылыс аяқталған соң, тұрғындар бұрынғыдай айналма жолмен қатынамайды. Жаңа жол қалаға қатынау тиімділігін арттып, қауіпсіз қозғалысқа кепілдік береді.