Еңбек адамы – ел тірегі Избранное

Пятница, 09 Июнь 2023 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 849 раз

Шымкентте дәстүрлі «Еңбек жолы» конкурсы басталады. Байқау қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.

341

 

Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Жеңiмпаздар өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеледі. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды. Конкурсқа саласына қарамастан кәсiпорындардың барлық қызметкерлерi қатыса алады.
Қатысуға өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, №89, Байланыс нөмірі: +7 (7252)27-38-35, Шымкент қаласы, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.