КӨНЕ ҮЙЛЕРДІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ Избранное

Пятница, 09 Июнь 2023 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1029 раз

Миллионды қалада соңғы жылдары тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды. Жыл сайын заманауи жаңа үйлер салынып, қала келбеті уақытпен үндесе өзгеруде.  Десе де, осы жұмыстармен қатар ескі үйлердің жағдайы ұмыт қалмайды.

342

 

Шымкентте биылдың өзінде 20 тұрғын үйге қайтарымды қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жуық арада 15 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары қаржылық-экономикалық негіздеменің қорытындысына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржы қаралған соң басталады.
Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, жертөлесі, кіреберіс, кәріз құбырлары толықтай жаңартылады. Жөндеуден өтетін көпқабатты тұрғын үйлер Әл-Фараби алаңында, Республика даңғылы, Асқаров, Дулати, Жангелдин, Иляев көшелерінде және Отырар, Спорт және Шығыс шағынаудандарында орналасқан.
Қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары аталған тұрғын үйлердің тұрғындарының 70 пайызының келісімі негізінде жүзеге асырылады. Яғни, жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды тұрғындарға бірнеше жылдарға бөліп төлеу жеңілдігі қарастырылған. Сонымен қатар меншік иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдау арқылы ұсынады. Жөндеу жұмыстарын қадағалауды «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-і жүзеге асырады.
Айта кетсек, жауапты мекеме қазіргі таңда 10-нан аса тұрғын үйге техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Тиісті мақұлдау шаралары қабылданған жағдайда, бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлер де жөндеуден өтуі мүмкін. Жалпы, қалада өткен жылы 60 көпқабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстар жүргізілген болатын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.