Айтулы мерекені биыл қаламыз мегаполис мәртебесін алғалы бесінші жыл атап өтудеміз. Осы уақыт аралығында әлеуетіміз артып, экономикамыз өрістеп, мәдени, рухани байлығымыз кемелденіп, қала келбеті көркеюде. Бұл жетістіктерде әрбіріңіздің үлесіңіз бар! Қаланың даму жолындағы әрқайсысыңыздың елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! 2200 жылдық тарихы бар қаламыз сындарлы шақтардан өтіп бүгінде еліміздің шоқтығы биік қаласына айналды.
Ардақты жерлестер!
Қала күні – барша шымкенттіктердің ортақ мерекесі! Сіздерге денсаулық, әрбіріңіздің шаңырағыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін! Барлық игі бастамаларыңыз табысқа, жаңа биіктер мен шығармашылық жетістіктерге жол ашсын! Қаламыз жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін!
Құрметпен,
Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі