Қала сәнін келтірген субұрқақтар

Пятница, 23 Июнь 2023 03:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 836 раз

кут

Жаз мезгілі басталғалы қалада 35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет көретіп тұр. Қалаға әдемі көрініс сыйлайтын субұрқақтар ауа-райының аптап ыстығында тұрғындарға салқын леп береді.

Қазіргі таңда қаладағы 8 субұрқақтың сорығы жаңартылуда. Олар – Әл-Фараби ауданындағы, Арбат демалыс аймағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтар. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбырлары жаңартылып, ретке келтірілді.

Ал Нұрсәт аллеясындағы және Асар шағынауданындағы әуенді субұрқақтары жақында іске қосылуға дайын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.