ЕЛ ЕРТЕҢІ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ Избранное

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 533 раз

Әл-Фараби ауданына қарасты 7 тұрғын үй ауласында балалардың күміс күлкісі мен шат-шадыман қуанышты дауысы салтанат құрды.

417

 

Қабанбай батыр көшесі №13 тұрғын үй, Пазылбеков көшесі №5, 7 үй, Айбергенов көшесі №1, 5, 5а мекенжайларына балаларға арналған ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне берілді. Су жаңа ойын алаңындағы балалар ойынын қыздыратын әткеншектер мен сырғанақтар бүлдіршіндерді шаттыққа бөледі.
Ауданда жоспарланған 39 ауланың 24-інде балалар ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталып, 15 аулада құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Сонымен қатар ауданда бүгінде 106 ашық спорт алаңы бар. 2023 жылы 2 ашық спорт алаңын салу жоспарланып, іске асырылды. Береке шағын ауданында және Жангелдин көшесі №14 үй ауласында ашық спорт алаңы да ойын алаңшаларымен бірге пайдалануға берілгенін айта кетейік.
Жалпы соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 42 спорт алаңының құрылысы бой көтеріп, Әл-Фараби ауданы тұрғындарының қуанышына айналды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.