ҚАРИЯСЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛГЕ ҚАСИЕТ ҚОНАДЫ Избранное

Пятница, 29 Сентябрь 2023 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 577 раз

Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады.

297

 

Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен Орталық саябақта жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.
Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8 мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналады. Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.