ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ Избранное

Среда, 04 Октябрь 2023 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 429 раз

Жуырда Шымкент қаласы мәслихатының жетінші сессиясы өтті. Жиынды мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

520

 

Сессияда босап қалған орынға «Ақ жол» партиясынан сайланған Исламбек Төлебаевқа депутаттық куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.
Мұнан кейін депутаттар Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. Бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Думан Таев есеп берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 8 айында тіркелген құқықбұзушылықтар саны өткен жылғымен салыстырғанда 33 пайызға, ал, қылмыстар саны 34,2 пайызға азайған.
Сонымен қатар сессияның күн тәртібіне сәйкес, депутаттар Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының да есебін тыңдады. Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құрамы қайта бекітілді.
Жиын соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков депутаттарға жемісті жұмысы үшін алғысын айтып, алдағы уақытта халықтың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.