Шымкент қаласының әкімі Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ: «БІЗ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГҚА АШЫҚПЫЗ» Избранное

Среда, 04 Октябрь 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 450 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.

519

 

Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.
–Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңыздағы мәселелермен және халықтың көкейіндегі сұрақтармен жақсы таныссыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға қатысты шешім қабылдау кезінде өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз, — деді қала әкімі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.